09.02.2022, 16:53 42346

Тараз полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды қабірден тапты

Іздестіру шаралары барысында бір аптаның ішінде барлығы 15 қару табылған.
Тараз полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды қабірден тапты
Сурет: Polisia.kz
ТАРАЗ. 9 АҚПАН - Тараз қалалық зиратындағы қабірден қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару табылды.
 
Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұлан әскери жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында жоғалған атыс-қаруларын іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.
 

Полиция қызметкерлерімен қаланың барлық қараусыз қалған нысандары, мөлтек аудандардың жертөлелері мен шатырлары тексерілуде. Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қала аумағындағы зираттарға жасырып қойған. Қызметтік иттер де іздеу жұмыстарына қосылған. Иіс сезгіш иттер полиция қызметкерлеріне қару мен оқ-дәрілерді тезірек табуға көмектеседі", - деп жазады Polisia.kz.


 
Іздестіру шаралары барысында бір аптаның ішінде барлығы 15 қару табылған. Атап айтқанда, үш бірлік Калашников автоматы, алты бірлік аңшы мылтығы, үш Макаров тапаншасы, үш травматикалық тапанша және әртүрлі калибрдегі 1000-ға жуық патрондар табылған. 
 
Анықталғандай қару-жарақтардың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны