28.04.2023, 13:52 31751

Таразда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды
Таразда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды
Сурет: gov.kz
Тараз. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 25 сәуірінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тараз қаласындағы теміржол депосының жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер 16 калибрлі "ИЖ-18" маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығын, патронсыз "ТТ" маркалы тапанша және әртүрлі калибрлі 189 бірлік патрон тауып, тәркіледі.

Осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта осыған байланысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны