13.02.2023, 19:52 20391

"ТЭК Қазақстан" сауда үйіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

"ТЭК Қазақстан" сауда үйіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Depositphotos
"Сұйық, сусымалы және тараға салынған жүктерді (дизель отынын) қабылдау, сақтау және жіберу" қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері анықталды

Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша "ТЭК Қазақстан" сауда үйі" ЖШС қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР БҚДА баспасөз қызметі.
 
Тергеу қорытындысы бойынша, "сұйық, сусымалы және тараға салынған жүктерді (дизель отынын) қабылдау, сақтау және жіберу" қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері анықталды.
 
Тергеу материалдары Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. Қылмыстық іс қозғалды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс.Такси" тасымалдаушысына тергеуге қажетті ақпаратты беруден бас тартқаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.
 
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күріш өндірушілер - қайта өңдеушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілеріне қатысты тексеру жұмыстарын бастады.
 
3 ақпанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Марат Омаров электр энергиясы нарығын монополияландыру және оның салдарын барынша азайту бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны