10.04.2023, 13:58 11361

Жалған жанармай карталары Қазақстанда сатыла бастады

Жалған жанармай карталары Қазақстанда сатыла бастады
Сурет: Depositphotos
Автокөлік жүргізушілеріне Helios, Qazaq Oil және "Газпром" сияқты компаниялардың жанармай карталары ұсынылады

Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда Helios, Qazaq Oil және "Газпром" компанияларының жалған жанармай карталарын сатып алуды ұсынатын алаяқтар жанданды.

Instargam-да жанармай карталарын сату туралы хабарландырулар көп. Олардың бірін белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін, жанармай құю станциясында ақша төлемеуге болады екен. Бұл шындыққа жанаспайды", - деп жазады Stopfake сайты.


Қолданыста жоқ жанармай карталары алғаш рет 2021 жылы Ресейде сатыла бастаған. Алаяқтар карталарды арнайы әзірленген сайт арқылы сатқан, ал сенгіш көлік жүргізушілері ақшаны олардың шотына аударып отырған.

Қазақстанда схема сәл басқаша. Автокөлік жүргізушілеріне Helios, Qazaq Oil және "Газпром" компанияларының жанармай карталары ұсынылады. Ол Қостанайда тіркелген компанияның атынан Telegram арқылы сатылады. Алайда, ашық деректерге сүйенсек, аталған фирма өрт сөндіргіштерді толтырумен айналысады және жанармай саудасына ешқандай қатысы жоқ. Сонымен қатар, 2Gis қызметінде жанармай карталарын алу үшін компанияның кеңсесіне хабарласып, ол жерден ешкімді таппаған адамдардың пікірлері жазылған", - деп хабарлайды сайт.


Ақпаратта атап өтілгендей, Helios, Qazaq Oil және "Газпром" ресми порталдарында жанармай карталарын делдалдар арқылы сату туралы ештеңе айтылмаған. Qazaq Oil карталарды компаниямен шарт жасасқаннан кейін ресми сату орталықтарында 500 теңгеге сатып алуды ұсынады.

Helios компаниясының сайтында жанармай карталары туралы ақпарат мүлдем жоқ. Оның орнына клиенттерге арнайы бонустық карталарды рәсімдеу ұсынылады.

 "Газпром" компаниясында корпоративтік клиенттерге арналған жанармай карталары бар. Оны компаниямен ресми келісімшарт жасасқаннан кейін ғана сатып алуға болады.

Қорыта айтқанда, жанармай карталарын сату жарнамасы - алаяқтардың ісі. Компаниялардың жанармай карталары ресми бөлімдерде сатылады және оларды ресми келісімшарт жасалғаннан кейін ғана сатып алуға болады. Қазнетте карталары сатылып жатқан компания мүлдем басқа қызметпен айналысады, және оның карталар сатуға ешқандай қатысы жоқ", - делінген ақпаратта.


Алматыда дизель отынын сатуға шектеу енгізілді.

Бұған дейін жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін өңірлердегі мұнай базалары тексерілетіні хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда дизель мен бензиннің шекті бағасын көтеру көзделген. Премьер-министр бұл шара елдегі отын тапшылығын болдырмау үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны