06.02.2026, 13:34 1876

Қазақстан мен Израиль сауда-экономикалық бағыттағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Израиль сауда-экономикалық бағыттағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Израильдегі Елшісі Даулет Ембердиев Израильдің Экономика және өнеркәсіп министрлігінің Сыртқы сауда басқармасының директоры, Сауда комиссары Рой Фишермен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар қазіргі геосаяси және геоэкономикалық өзгерістер жағдайында Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Металлургия, мұнай-химия, тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау және басқа да салаларды қоса алғанда, екіжақты сауда көлемін әртараптандыру және ұлғайту үшін елеулі іске асырылмаған әлеуеттің бар екені аталып өтті.

Сауданы қолдаудың институционалдық тетіктеріне ерекше назар аударылды. Израиль тарапы Израильдің шетелдерде 50 сауда-экономикалық өкілдігі бар екенін атап өтті. Осы орайда тараптар сауда инфрақұрылымын одан әрі кеңейту мүмкіндігін талқылап, екі елдің іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға бағытталған Израиль Экономика және өнеркәсіп министрлігінің платформасында бірлескен іс-шара өткізуге келісті.

Тараптар сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету үшін берік негіздің бар екенін растады. 2025 жылы өзара тауар айналымының көлемі 193,5 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, кейбір ірі жеткізілімдердің үшінші елдер арқылы жүзеге асырылуына байланысты ресми статистика нақты сауда көлемін толық көрсетпейтіні аталып өтті.

Әңгімелесу барысында Сауда комиссары Израильдің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің оң серпіні туралы хабарлап, ел экономикасының орнықтылығы мен тұрақты өсіміне назар аударылды.

Өз кезегінде Қазақстан Елшісі экономикалық бағыттағы бірлескен белсенді жұмысты жалғастыру ниетін растай отырып, Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы сияқты өзара іс-қимылдың тиімді форматын пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Аталған комиссияның кезекті отырысы 2026 жылға жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны