28.11.2025, 17:22 35346
Қазақстан мен Мексика парламенттері ынтымақтастықты нығайтуға деген ниеттерін білдірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының және Мексика Құрама Штаттарының парламенттері Достық топтарының жаңартылған құрамдағы алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. Ұзақ уақыт айырмашылығына қарамастан, қатысушылар өзара іс-қимыл бойынша бірқатар ұсыныстармен бөлісіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Тараптар бір-бірін Қазақстан мен Мексикада орын алған негізгі саяси үдерістермен таныстырды.
Мексика Бас конгресі Төменгі палатасының (Депутаттар палатасы) Достық тобының басшысы Марибель Мартинес Руис ел Президенті Клаудия Шейнбаум жетекшілік ететін мексикалық коалициясы басшылыққа алған қағидаттарына - әділдікке, адалдыққа және сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған, сондай-ақ әйелдердің құқықтарын ілгерілетуге арналған күн тәртібіне ерекше назар аударды.
Төменгі палатаның халықаралық істер жөніндегі комиссиясының төрағасы Педро Васкес Гонсалес әлемдегі тұрақсыздық жағдайында екі ел арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Достық тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы мексикалық әріптестерін Қазақстандағы реформалар және бірпалаталық парламентке ауысу туралы үрдісі жөнінде хабардар етті. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы келісімшарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.
Климаттық күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, қазақ парламентші 2026 жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік климаттық саммит туралы ақпарат беріп, оның сәтті өтуіне мексикалық тараптың үлес қосуы ықтимал болатынын айтты.
Депутаттар заңнамалық салада тәжірибе мен білім алмасудың кең перспективаларына тоқталды. Атап айтқанда, депутат Максим Рожин Қазақстан Парламенті тарапынан жасанды интеллект туралы заң жобасының мақұлданғаны туралы баяндап, бұл Орталық Азияда осы бағыттағы тұңғыш заңнамалық бастама болғанын айтты. Осыған байланысты ол тәжірибемен бөлісуге дайын екенін және мексикалық әріптестерден басқа салалардағы тәжірибе мен білімді қабылдауға дайын екенін растады.
Сонымен қатар, қазақстандық парламентшілер Мексиканы 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатын өткізуімен құттықтап, осы бағытта табыс пен сәттілік тіледі.
Екі тараптың да белсенді өзара іс-қимыл жасайтын ниетін ескеріп, Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Турғанбеков кездесулерге тұрақты сипат беріп, парламенттер арасында сапарлар алмасуын ұйымдастыру мүмкіндігін ұсынды. Бастама бір ауыздан қолдауға ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.03.2026, 14:10 47261
Аустрия Орталық Азия елдерімен парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Аустрияның Орталық Азия өңірімен өзара іс-қимылды жандандыруы, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық форматын дамыту аясында Орталық Азия елдері мен Моңғолия елшілерінің Аустрия парламентінің достық тобы мүшелерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында аустриялық достық тобының басшысы, Ұлттық кеңес депутаты Мартин Хофер Орта Азияның жаһандық саясаттағы маңызының артып келе жатқанын атап өтіп. Еуропалық одақ үшін өңірдің стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Аустрия Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестікті кеңейтуге айрықша мән береді және түрлі салаларда сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады. Парламентаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Аустрия мен Орта Азия елдерінің ортақ ұстанымдары, соның ішінде демократияны нығайтуға деген ұмтылысы бар екені айтылды.
Қазақстанның Австрия Республикасындағы Елшісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан-Аустрия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы атап өтті. Сонымен қатар, аустриялық депутаттары, достық тобының мүшелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалар, елдің ішкі және сыртқы саяси басымдықтары жөнінде айтардықтай ақпаратты жеткізді.
Қазақ Елшісі кездесу барысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі ісшаралар және референдумның нәтижесіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы ұсынған негізгі заңдағы басты жаңашылдықтар, жаңа Құрылтадыйң құрылуы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселелері кеңінен таныстырды.
Сонымен қатар М.Тілеуберді парламентаралық ынтымақтастықтың кең форматтағы өзара іс-қимылдағы маңыздылығын атап өтті. Елші екі ел парламентаралық байланыстардың белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.
Орта Азия елдері мен Моңғолия елшілері де өз мемлекеттеріндегі реформалардың жүзеге асырылу барысы мен аустриямен екіжақты байланыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, олар альп республикамен, яғни Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және Парламентаралық одақ сияқты көпжақты құрылымдар аясында парламентаралық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді.
Аустриялық депутаттар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру үдерісін құптап, биылғы қыркүйек айында Қазақстанға сапармен бару жоспарымен бөлісті, Бұл қадам парламентаралық диалогқа қосымша серпін беретінін сенім білдірді.
Кездесу соңында М.Хофер әріптестері атынан Орталық Азия елдері мен Моңғолиямен байланыстарды нығайтуға дайын екенін білдіріп, өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуге ықпал ету ниетін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 13:53 82861
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Шаңхайда таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Шаңхай қаласында Бірінші халықаралық шетел инвестициялары конференциясы өтті (Overseas Investment Fair 2026), деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шара Қытай компанияларының шетелдік инвестициялық қызметін ілгерілетуге бағытталған жаңа мамандандырылған алаңы ретінде қарастырылып отыр. Қытайдың халықаралық инвестицияларды ілгерілету жөніндегі кеңесі, Шаңхай қаласының муниципалдық үкіметі мен бейінді мемлекеттік құрылымдары бұл іс-шараны Shanghai Eastern Hub International Business Cooperation Zone базасында ұйымдастырды.
Қазақстан тарапынан іс-шараға Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, сонымен бірге "QazTrade" Акционерлік қоғамының Нанкин, "Khan Tengri Innovation Hub" компаниясының Шаңхай қалаларындағы өкілдері қатысты.
Конференция жұмысы шетел инвестициялары тақырыбына арналған көрмелер, G2B/В2В кездесулер мен келіссөздер форматында өтті. Форум жұмысына халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, инвестициялық агенттіктердің, сауда-өнеркәсіп палаталары мен іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Fortune Global 500 деңгейіндегі корпорацияларды қоса алғанда, ірі қытайлық және халықаралық компаниялар қатысты.
ҚР-дың Шаңхай қаласындағы Бас консулдығы Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыруға арналған жеке панельдік сессиясын ұйымдастырды. Бас консул Н.Аққошқаров аталған сессия кезінде қатысушыларды инвестицияларға арналған елдегі шараларымен таныстырды. Таныстыру кезінде Еуразиялық хаб ретінде Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетіне, ЕАЭО, Орталық Азия және Еуропа нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етудегі рөліне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қ.Есболатов сессияда Алматы облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру кезінде, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдық берілетін салалары, өнеркәсіп кешендері мен туристік әлеуеттері мен басқа инвестжобаларды таныстырды. Алматы облысында салуға жоспарланған Alatau City жаңа қаласы туралы ақпарат Қытай инвесторлары арасында қызығушылық тудырды.
Сессиядан кейін ҚР Бас консулдығы ұйымдастырған G2B/B2B форматындағы екіжақты келіссөздер барысында қытайлық компаниялары өндіріс және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу, логистикалық бағыттарды дамыту, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланды.
Қорытындылай келе, OIF 2026 форумына қазақ тарапының қатысуы ҚХР жаңа бейінді алаңында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жүйелі түрде ілгерілетуге, әлеуетті инвесторлармен тікелей байланыстар орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 12:49 83311
Әзербайжан Қазақстан Президентінің халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байелдің Әзербайжан Республикасы Президентінің климат мәселелері жөніндегі өкілі Мұхтар Бабаевпен кездесуінде мәлімденді. Тараптар экологиялық күн тәртібіндегі мәселелерді, Каспий теңізінің экожүйесін сақтау, алдағы бірлескен іс-шараларға дайындық және табиғатты қорғау саласындағы халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ә.Байел әзербайжан тарапын 2026 жылғы 22-24 сәуір күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит жұмысына белсенді қатысуға тағы да шақырды. Саммит аясында Каспий теңізі деңгейінің төмендеу себептерін зерттеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді. Тараптар бұл кездесудің Каспий теңізі акваториясында бірыңғай өңірлік экологиялық қауіпсіздік жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт білдірді.
Елші сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жүйесі аясында толыққанды су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы айтып берді. М. Бабаев Әзербайжан Республикасы Қазақстан көшбасшысының бұл бастамасын толық қолдайтынын мәлімдеп, бұл қадамды жаһандық климаттық сын-қатерлер жағдайында су ресурстарын басқару саласында қордаланған мәселелер тұрғысынан аса өзекті деп сипаттады.
Әзербайжан Президентінің өкілі мұндай ұйымды құру бастамасының уақтылы екенін атап өтті. Оның айтуынша су мәселелері бүгінде тек экологиялық сипатқа ие болып қана қоймай, қауіпсіздік пен экономикаға да тікелей әсер етеді, сондықтан оларды жүйелі түрде шешу қажет.
М. Бабаев Астана мен Бакудың қоршаған ортаны қорғау және климат мәселелеріндегі күш-жігерінің үйлесуі екі елдің ұлттық мүдделеріне сай келетінін, сондай-ақ бүкіл Каспий өңірінің орнықты дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Жалпы, тараптар қазақ-әзербайжан қатынастарының даму қарқынын жоғары бағалап, экология саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 11:51 83086
Мадридте Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Конгресі депутаттарының мүшесі Мария Лус Мартинеспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қазақ-испан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бағытта және көпжақты алаңдар аясында парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын талқылады.
Елші жақында қабылданған Конституцияның негізгі қағидаттарын таныстырып, жаңартылған Негізгі заң елдің Тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.
Испандық депутат өз кезегінде жүзеге асырылған өзгерістерге оң баға беріп, олардың институционалдық негіздерді дамыту мен елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызын айқындады.
Сондай-ақ ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты еліміздің білім және ғылым саласындағы өңірлік орталық ретіндегі әлеуетіне тоқталды. Тараптар академиялық алмасуларды кеңейтуге және жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты диалогты қолдау және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы шеңберінде өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 20:46 83726
Камерун астанасында Қазақстанның негізгі реформалары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Камерун Республикасының Яунде қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 14-ші Министрлік конференциясы (МК-14) қарсаңында Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев ДСҰ-ға қосылу мәселелері бойынша 14-ші Қытай дөңгелек үстеліне спикер ретінде қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дөңгелек үстелге ДСҰ-ға қосылу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі елдер, ДСҰ мүшелері және халықаралық серіктестер қатысып, қосылу, экономикалық реформалар жүргізу және жаһандық сауда жүйесіне интеграция мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Қазақстанның Тұрақты өкілі ДСҰ-ға қосылу процесі жоғары деңгейдегі институционалдық дайындықты және мемлекеттік саясаттың үйлесімділігін талап ететінін атап өтті. Қосылудың табысты болуы мемлекеттік органдар арасындағы тиімді үйлестіруге, ұлттық басымдықтарды нақты айқындауға және бизнес-қоғамдастықпен белсенді өзара іс-қимылға байланысты екені айтылды.
Қазақстан тәжірибесіне сүйене отырып, реформаларды кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүргізу неғұрлым болжамды әрі тұрақты сауда ортасын қалыптастыруға ықпал ететіні аталып өтті. Қазақстан 2015 жылы ДСҰ-ға қосылғаннан бері елдің сыртқы сауда айналымы екі есеге жуық өсіп, 140 млрд. АҚШ долларынан асты, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 200 млрд. АҚШ долларынан асып, оның ішінде шикізаттық емес секторларға бағытталған инвестициялар да бар.
Сөз барысында ДСҰ қызметіне толыққанды қатысуға көшу қажеттілігі атап өтілді, оның ішінде комитеттер жұмысына қатысу, келіссөздерге қатысу және ұйым құралдарын тұрақты негізде пайдалану мәселелері қамтылды.
Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі қосылу процестері өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні, бұл теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер үшін ерекше маңызға ие екені атап өтілді.
Іс-шара қатысушылары ДСҰ-ға қосылуға деген қызығушылықтың әртүрлі өңірлерде, оның ішінде Африкада жоғары деңгейде сақталып отырғанын атап өтті, бұл көпжақты сауда жүйесіне экономикалық интеграция мен реформаларды жүргізудің тиімді алаңы ретінде деген сенімнің сақталып отырғанын көрсетеді.
Қазақстан ДСҰ-ға қосылу процесінің барлық кезеңдерінде елдермен практикалық тәжірибе алмасуға және қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
ДСҰ-ның 14-ші Министрлік конференциясының ресми ашылуы 2026 жылғы 26 наурызда Яунде қаласында өтеді және төрт күнге созылып, 2026 жылғы 29 наурызға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 19:44 83901
Берлин қазақстандық қызғалдақтарды достық пен көктемгі жаңарудың символы ретінде қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Берлинде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігіне табыстаған қызғалдақтарды отырғызу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов пен Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің Статс-хатшысы Маркус Шик қатысты.
Өз сөзінде Статс-хатшы Еуропада көктемнің танымал символдарының біріне айналған қызғалдақтардың тарихи отаны қазіргі Қазақстан аумағы екенін атап өтті. Ол Қазақстан үкіметіне алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың сенімді нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететінін жеткізді.
Қазақстанның Германиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Н.Онжанов Наурыз мерекесі күндері өткізіліп отырған бұл рәсімнің ерекше мәнге ие екенін, оның жаңару, үйлесім және халықтар достығы идеяларын бейнелейтінін атап өтті.
Ресми бөлімнен кейін дәстүрлі қазақ музыкасы шырқалып, көктемгі мерекелік көңіл күй мен мәдени жақындастық атмосферасын қалыптастырды.
Рәсімнің шарықтау шегі ретінде гүл пиязшықтарын бірлесіп отырғызу өтті. Бұл әрекет серіктестік, бірлік және екі елдің жарқын болашаққа деген ұмтылысын білдіреді.
Отырғызылған қызғалдақтар Қазақстан мен Германия арасындағы достықтың жарқын символына айналып, Наурыз мерекесінің негізінде жатқан жаңару, өзара құрмет және ынтымақтастық құндылықтарын айқындай түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 18:42 84061
Қатарда казақстандық еріктілердің эвакуациялық шараларға қосқан үлесі аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшілігі өңірдегі төтенше жағдай кезінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыруға үлес қосқан Қатарда тұратын қазақстандық еріктілермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев еріктілердің жоғары жауапкершілігі мен қиын жағдайларда үйлесімді әрекет ету қабілетін ерекше атап өтті.
Елші өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Ерікті болу - игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу" деген сөздерін келтіріп, бұл қағидаттардың аталған жағдайда толық көрініс тапқанын жеткізді.
Сонымен қатар, еріктілердің қызметі шынайы патриотизм мен азаматтық бірліктің жарқын үлгісі екені айтылды. Қиын әрі қауіпті кезеңге қарамастан, қазақстандық еріктілер Елшілікпен бірге үйлесімді түрде ұйымшылдық, батылдық пен жанашырлық танытып, Қазақстан азаматтарына, оның ішінде балаларға, әйелдерге және мүгедектігі бар тұлғаларға жан-жақты көмек көрсетті.
Жалпы, Катардағы қазақстандық еріктілер эвакуацияның барлық кезеңдері барысында Елшіліктің ұйымдастыру жұмыстарына елеулі үлес қосты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 17:39 84211
Жапония Парламентінің Спикері Қазақстанның жаңа Конституциясымен таныстырылды
Достарға айту
Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Эйсуке Моримен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Е.Баударбек-Қожатаев жапон саясаткерін ағымдағы жылғы
1 шілдеде күшіне енетін Қазақстан жаңа Конституциясының негізгі ережелері туралы хабардар етіп, республикалық референдум қорытындысы жаңартылған конституциялық қағидаттар мен құндылықтардың қоғамдық қолдауының жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті. Сұхбаттасушыға азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге және барлық этностар мен қоғамдық топтардың өкілдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қоғамдық-саяси институттардың - "Құрылтай" мен "Халық Кеңесі" функциялары түсіндірілді.
Өз кезегінде Э.Мори Қазақстанды "дана ел" деп атап, мемлекеттегі саяси өзгерістерді және Астананың халықаралық бастамаларын жоғары бағалады. Спикер жаңа Конституцияның қабылдануы елдің одан әрі дамуы үшін маңызды жетістік болып табылатынын мәлімдеп, Қазақстанмен тығыз парламентаралық байланыстарды жалғастыруға мүдделілігін білдірді. Ол республиканың елеулі экономикалық әлеуетін және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын да атап өтті.
Сонымен бірге, тараптар парламентаралық диалогты, соның ішінде Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы желісі бойынша, одан әрі нығайтудың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.03.2026, 20:42Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті 26.03.2026, 19:28 174246Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 174171Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 174096Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 172766Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
17.03.2026, 17:12 246241Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 246016Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 245756Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді04.03.2026, 10:54 239406Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады16.03.2026, 16:56 233741Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді

