06.02.2026, 16:55 1886

Қазақстан мен Қытай 2026 жылға арналған жоспарларын нақтылады

Қазақстан мен Қытай 2026 жылға арналған жоспарларын нақтылады
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Биньмен (министр орынбасары дәрежесінде) кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің негізгі мәселелерін талқылап, 2026 жылға арналған іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасты. Елші қытайлық әріптестерін Ай күнтізбесі бойынша келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Саяси диалогты, сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дипломаттар Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі және "Орталық Азия - Қытай" форматы шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ бірлескен бастамаларды одан әрі іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны