27.11.2025, 20:24 48791

Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Таяу Шығыс күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Сұхбаттастар Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны