28.11.2025, 22:05 49916

Финляндия бизнесі Қазақстанға өткен іскерлік сапардың нәтижелерін талқылады

Финляндия бизнесі Қазақстанға өткен іскерлік сапардың нәтижелерін талқылады
Сурет: gov.kz

EastCham Finland" кеңсесінде Финляндия Президенті Александр Стуббтың 2025 жылғы 28-29 қазанда Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде еріп келген бизнес-делегация мен фин компанияларының кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.


Кездесуге қатысушылар өткен "Қазақстан-Финляндия" бизнес-форумының қорытындыларын, қол жеткізілген уағдаластықтарды және ынтымақтастықтың алғашқы практикалық нәтижелерін талқылады.

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдірайымов мұндай ауқымды бизнес-делегацияның Қазақстанға сапары іскерлік әріптестікті одан әрі дамыту үшін маңызды бастау болатынын, өңірге деген компаниялардың қызығушылығын арттыратынын және екіжақты қатынастардың серпінді өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Фин бизнес өкілдері Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанға деген жоғары қызығушылықты атап өтті. Энергетика, көлік және логистика, білім беру, денсаулық сақтау, орман және су шаруашылығы, туризм және экология бағыттарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ бірлескен жобаларды дамыту және сауда-экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны