06.02.2026, 20:05 3416

Мадридте Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары таныстырылды

Мадридте Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев испандық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шара барысында Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі елдің сыртқы саяси басымдықтары қарастырылды.

Республикада жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Үкіметтің биліктің жаңартылған архитектурасын қалыптастыру, Парламенттің рөлін күшейту, азаматтардың демократиялық қатысуын кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар брифинг аясында Қазақстанның экономикалық дамуы, инвестициялық ахуалы және экономиканы әртараптандыру бағыттары, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің ("Орта дәліз") дамуы жөніндегі мәселелер талқыланды.

Қазақстанның халықаралық құқық қағидаттарына бейілділігіне, бейбітшілік пен орнықты дамуды нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларға қатысуына орай сыртқы саяси ұстанымына да ерекше мән берілді.

Бұдан бөлек, қазақстан-испан экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту перспективалары, оның ішінде испан компанияларының Қазақстандағы қызметі және олардың ел аумағында өтетін ірі халықаралық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны