08.02.2021, 19:58 50121

Сауда және интеграция министрлігінде сауда процестерін цифрландыру туралы айтылды

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі e-tutynushy.kz іске қосылған. Ол арқылы қазақстандықтар өз құқықтарының бұзылғаны туралы мәлімдей алады.
Нұр-Сұлтан. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқасы өтті. Ұсынылған басты мәселелердің бірі - сауда ведомствосының цифрлық жобалары болды. Олар 3 негізгі топқа бөлінген: Техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ішкі сауда және электрондық коммерция, сыртқы сауда қызметі және экспортты ілгерілету, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аккредиттеу және сертификаттау процестерін цифрландыру ішкі бизнес-процестердің реинжинирингін және сервистерді оңтайландыруды көздейді.
 

2020 жылдың 13 шілдесінен бастап сәйкестікті бағалау саласындағы субъектілерді Электрондық аккредиттеу сервисі іске қосылды. Сондай-ақ өнімді сертификаттау процесін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл сертификаттар қоймасын құруды және сертификаттау (е-сертификаттау) бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсетушілерді таңдауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова.

 
Сондай-ақ, вице-министр 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі e-tutynushy.kz іске қосылғанын атап өтті. Ол арқылы қазақстандықтар өз құқықтарының бұзылғаны туралы мәлімдей алады, өйткені ол өтініштерді жедел қарауға, сондай-ақ заң нормаларын түсіндіруге арналған.
 
Ішкі сауда мен электрондық коммерцияны цифрландыру аясында төлем жүйесімен әлеуметтік әмиянды енгізу қарастырылған. Сауда министрлігінің хабарлауынша, жедел төлем жүйесі аясында 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін "пилот" іске қосылады.
 
Әсел Жанасова бұл идея халықты әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру мақсатында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. "Әлеуметтік әмиянның" ашылуы халықтың әлеуметтік осал топтарына қаржы жүйесіне сөзсіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 
Отандық тауар өндірушілерді жаңа маркетплейстерге шығару жалғасуда - Amazon, Яндекс, Ozon, Shopify. Жыл сайын 100 мың еуро мөлшерінде Mastercard қаржыландырумен 10-15 кәсіпкер өз бизнесін онлайн аудару және оны жаңа нарықтарға масштабтау бойынша оқытудан өтетін болады.
 
Сыртқы сауда қызметі (СЭҚ) және экспортты ілгерілету деңгейінде де цифрландыру жүргізілуде. 2021 жылдың 1 тоқсанында автоматтандырылған трансшекаралық сауда-есеп айырысу интеграцияланған жүйесін (АТТИС) іске қосу жоспарлануда. Жобаның мақсаты - СЭҚ қатысушыларының келісім - шарт жасасудан бастап есеп айырысуды жүргізуге дейінгі ақпараттық қызметтердің бүкіл кешенін ұсынуы үшін халықаралық электрондық платформа құру.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны