11.12.2020, 14:33 116115

Қазақстанда құрастырылған алғашқы Ми-8АМТ тікұшағының тұсаукесері Алматы қаласында өтеді

Алматы. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес "Қазақстан Инжиниринг" ҰК АҚ мен "Ресей тікұшақтары" АҚ кәсіпорындардың өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы шеңберінде ҚР аумағында Ми-8АМТ/Ми-171Е тікұшақтарын құрастыру жобасы іске асырылуда. Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақтың тұсаукесері 2020 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында "№405 авиажөндеу зауыты"АҚ аумағында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара шеңберінде тікұшақтарды жинау учаскесімен танысу, сондай-ақ жаңа Ми-8АМТ тікұшағының салтанатты тұсаукесері және символикалық кілтін тапсыру күтілуде. Ресми делегация құрамында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Талғат Жеңісұлы Жанжүменов, "Қазақстан Инжиниринг "ҰК АҚ Басқарма төрағасы Әділбек Зейноллаұлы Сәрсембаев, "Ресей тікұшақтары" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Сергей Валерьевич Фомин және "Азаматтық авиация академиясы" АҚ ректоры Бекен Қанелұлы Сейдахметов келеді.

Ми-8АМТ алғашқы тікұшақтарын Жинау "Қазақстан инжиниринг "ҰК АҚ және "Ресей тікұшақтары" АҚ арасындағы келісімшарт шеңберінде "№405 авиажөндеу зауыты"АҚ өндірістік алаңдары базасында жүргізіледі. Жиналатын тікұшақтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, авариялық-құтқару жұмыстары, ормандарды күзету, өрт сөндіру, санитариялық авиация қызметтерін көрсету, сонымен қатар құқық қорғау міндеттерін орындау бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге арналған.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақ Ми-8АМТ тұсаукесері бойынша іс-шара 12 желтоқсанда сағат 12:00-де Алматы қаласы, Ахметов көшесі, 17, "№405 авиажөндеу зауыты"АҚ мекен-жайы бойынша өтеді.

БАҚ-ты аккредиттеу, қоса берілген аккредиттеу нысанына сәйкес 2020 жылғы 11 желтоқсан сағат 20:00-ге дейінгі мерзімде жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны