10.08.2022, 15:43 23016
Қазақстандық зертханалардың тек 2-3%-ы ғана заманауи жабдықтарды пайдаланады - сарапшы
Сурет: ortcom.kz
Достарға айту
944 аккредиттелген зертханалардың ішінен ең көбі, ондаған зертхана ғана заманауи сынақ жабдықтарын қолдану бойынша артықшылықтарды және қазақстандық өнімді импорттаушы елдердің талаптары деңгейінде жұмыс жүргізуге бағдарланғандығын көрсете алады", - деді спикер ОКҚ алаңында.
Оның айтуынша, бірнеше жыл бойы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қазақстандық өнімдерді шет елдердің аумағына жібермеу жағдайлары болғаны белгілі.
Яғни, Қазақстанда жүргізілген сынақ нәтижелері шетелдік зертханалардың сынақ нәтижелеріне сәйкес келмеді", - деді спикер.
Ол кез-келген өнім сынаққа мұқтаж екенін атап өтті: тамақтан тұрмыстық химияға дейін.
Біздің өміріміздің сапасы олардың нәтижелеріне байланысты", - деді сарапшы.
Сонымен қатар, қазақстандық зертханалар заманауи талаптарға сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта Ресейде өндірілген жабдықтардың 60%-ы; жабдықтардың 30%-ы 15 жастан асқан; тіпті 1960-70 жылдардағы өндіріс үлгілері де бар", - деді Орынғалиұлы.
Оның айтуынша, әдетте, барлық сынақтар қолмен жүргізіледі, ал оларды автоматтандыратын уақыт келді.
Модернизациялау үшін жабдықтың дәлдігіне, қателіктеріне минималды талаптар қойылатын сынақ әдістерін өзектендіру қажет. Егер олар жоғары болса, онда модернизация жүргізіледі. Жабдық қымбат болғандықтан бір уақытта жаңғырту мүмкін еместігін ескерсек, модернизация біртіндеп жүргізілетін болады. Ол үшін кем дегенде 5-10 жыл қажет", - деді спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.05.2023, 17:04 27056
Жоғарғы Сотта Құқық қолдану практикасында жасанды интеллектті пайдалану мәселелері туралы халықаралық конференция өтті
Бас Прокурор құқық қолдану практикасында жасанды интеллектті пайдалану мәселелері туралы халықаралық конференцияға қатысты
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Бүгін Жоғарғы Сотта "Жасанды интеллект және үлкен деректер (Big Data) сот және құқық қорғау жүйесінде: шындық және уақыт талабы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Gov.kz.
Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, жоғары оқу орындарының өкілдері, Парламент депутаттары, ғалымдар, Өзбекстанның, Ресей мен Беларусьтің жетекші заң университеттерінің сарапшылары қатысты.
Жиналғандарды Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев, Бас Прокурор Берік Асылов, Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әзімова, ТМД елдері бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің атқарушы хатшысы Владимир Зимин, сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фробарт Фолькер қарсы алды.
Конференцияға қатысушылардың өкілді құрамы, оның ішінде жетекші отандық және шетелдік мамандар мен практиктерге пікір және тәжірибе алмасуға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Қадағалау органының басшысы талқыланатын проблематиканың өзекті екенін, құқық қолдану практикасына цифрлық технологияларды енгізу қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтарды жедел ашу және объективті тергеу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Спикерлер цифрландыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің жоғары сұранысқа ие және перспективалы бағытына айналғанын атап өтті.
Ғылыми-практикалық пікірталастар шеңберінде қылмыстарды тергеуде, сот ісін жүргізуде, жалпы заң практикасында, ауқымды деректерді халықаралық-құқықтық реттеуде цифрлық технологияларды (Big Data) қолдану мәселелері қамтылды.
Цифрлық технологияларды енгізу құпия мәліметтерді жария ету және оларды құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін болдырмау үшін адам құқықтарын сақтау және дербес деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи тәуекелдер мен қауіптер, корпоративтік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында ауқымды деректерді (Big Data) пайдалану мүмкіндіктері, "Даркнет" технологияларын пайдалана отырып жасалған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері қарастырылды.
Қатысушылар шара соңында осы бағыттағы ынтымақтастықты қарқынды түрде арттыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2023, 18:13 58371
Қазақстандықтар төлқұжат пен жеке куәлік алуға өтінішті өздігінен тапсыра алады
Сурет: gov4c.kz
Достарға айту
Астана. 3 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Азаматтар төлқұжат пен жеке куәлік алуға өтінішті өздігінен тапсыра алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметі.
Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа ХҚКО-да жаңадан орнатылған инновациялық жоба таныстырылды. Азаматтар Құжаттау терминалын қолдану арқылы өз бетінше қажетті қызметтерге тапсырыс бере алады.
ҚР Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл жоба клиенттерге кезекте тұрмай, қызметке өздігінен тапсырыс бере алатындығымен, сондай-ақ, құжатты рәсімдеу барысында өзінің сәтті суретін таңдай алатындығымен ерекшеленеді.
Бұрын тұрғындар өтініш беру үшін кезекте тұрып, көші-қон бөлімінен өтіп, төлем жасап, суретке түсуге 30 минутқа дейін уақыт жұмсауға мәжбүр болатын. Енді Құжаттау терминалының арқасында бұл қадамдарды 10 минут ішінде өтуге болады", - деп министр атап өтті.
Қазақстанда сұранысқа ие қызметтердің бірі төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу болып табылады. Мәселен, өткен жылы ХҚКО-ға бұл қызметті алу үшін 2,3 миллионнан астам азамат жүгінген. Мемлекеттік корпорация азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, құжаттарды алуға өз бетінше өтініш беретін терминал орнатты. Астана қаласындағы Керей және Жәнібек хандар к-сі, 4/1 мекенжайында орналасқан ХҚКО-да төрт терминал орнатылды. Алдағы уақытта бұл жобаны барлық өңірлерде іске асыру жоспарлануда.
Біз ХҚКО-ларда мемлекеттік қызметтерді толық онлайн форматта көрсетуге ұмтыламыз. Оған қоса, азаматтар өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімдерін қолдану үшін барлық жағдайлар жасалуда. Біз үшін азаматтардың ХҚКО-ға келіп, қажетті қызметтерін тез және сапалы түрде алуы маңызды. Сонымен қатар, терминалды іске қосу барысында барлық тәуекелдер ескеріліп, ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау қамтамасыз етілді", - деп атап өтті Мемлекеттік Корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Терминалды пайдалану барысында клиент барлық деректерді өз бетінше толтырып, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, суретке түсіп, қол қойып, соныңда QR-кодпен ЕДБ арқылы төлем жүргізу қажет. Айта кетейік, 2023 жылы төлқұжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж 27 600 теңгені, жеке куәлік үшін 690 теңгені құрайды.
Терминал арқылы өтініш бергеннен кейін қызмет алушы өтінішті, суретті және қолтаңбаның сәйкестігін тексеру үшін көші-қон бөлімінің қызметкеріне жүгінуі қажет.
Бұған дейін сенаторлар кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды төмендетуді ұсынған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2023, 14:34 59616
Хакерлер ҚР мемлекеттік ведомствосынан биткойндер талап еткен
Дербес компьютерлердің біреуі толық шифрланған, ал жүйелік логтар тазартылған болатын
Сурет: vietnews.ru
Достарға айту
Астана. 2 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Хакерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік ведомствосынан биткойндерді талап етті, деп хабарлайды Мемлекеттік техникалық қызмет.
"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ Қазақстанның квазимемлекеттік секторы ұйымдарының бірінде желінің шифрлаушы вируспен зақымдалғаны анықталғанын хабарлайды. Шифрді ашу үшін зиянкестер ақысын биткойнмен төлеуді талап еткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Мамандар дербес компьютерлердің біреуі толық шифрланғанын, ал жүйелік логтар тазартылғанын анықтады.
Ұйымның барлық пайдаланушылары үшін бір ғана есептік жазба жасалған - "X". Зиянкес RDP хаттамасын (Microsoft қашықтағы жұмыс үстелінің хаттамасы) пайдалана, парольдерді теру арқылы инфрақұрылымға қолжетімділік алып, әрбір жұмыс станциясындағы вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды жойған. Вирусқа қарсы БҚ жойылғаннын кейін барлық құрылғыларға шифрлаушы жүктелген", - деп қосты МТҚ.
Бұған дейін хакерлер ҰҚШҰ сайтын бұзғаны туралы хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.02.2023, 21:35 68436
Алматыда мектеп оқушыларына арналған сайттардың "қара тізімі" жасалады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қалалық мектептерде ақпараттық қауіпсіздікті бақылау күшейтілді
Алматы. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы оқу орындарының бірінде оқушылардың сабақта порнографиялық сипаттағы бейнежазбалар көргендігі туралы видео тараған болатын. Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тыйым салынған ақпараттан қорғалғандығына талдау жасады, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Заң бойынша мемлекеттік органдар, қарауға тыйым салынған, порнография, қатыгездік және зорлық-зомбылық тарататын, адамның абыройын қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін контентке балалардың қол жеткізуіне жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдауы тиіс (ҚР "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы, ҚР "Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Заңы). Мұндай сайттарды бұғаттау бойынша органдардың қабылдап жатқан шараларына қарамастан, іс жүзінде күн сайын жаңалары құрылуда", - деп хабарлады қала прокуратурасы.
Осыны ескере отырып, Алматы қаласының прокуратурасы осындай контентке мониторинг жүргізу және олардың оқушылар арасында таралуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтіп, қайта қарауды ұсынды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Білім басқармасы арнайы бұйрық қабылдады, ол бойынша "Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы" КММ-не мониторинг жүргізу және "қара тізімді" қалыптастыру міндеті жүктелді. Анықталған тыйым салынған сайттар "School net" корпоративтік желісіне енгізіледі. Бұл оқушылардың жағымсыз контентке қолжетімділігін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы үш оқушыны балта мен пышақпен жарақаттаған. Зардап шеккен екі оқушы ауруханаға жеткізілді, олардың басы мен білектері тесілген. Үшінші оқушыға сол жерде медициналық көмек көрсетілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, шабуылдаушы интернет ойынының "тапсырмасын" орындады, оған сәйкес 4 ағашты кесу керек болды. Олар бейкүнә мектеп оқушылары болып шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 19:40 80276
Kundelik мектеп порталы DDoS шабуылдарына ұшырады
Достарға айту
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі бүгін Kundelik.kz-ке DDOS-шабуыл жасалғанын растады.
Бүгін сағат 13.15-тен бастап DDoS-шабуылдар тіркелді. Шабуылдардың көлемі секундына 600 мегабитке дейін жетті. Қалыптан тыс сипаттағы трафик сағат 2,5 сағатқа созылып, сағат 16.00-де интернетке кірудің бірыңғай шлюз қондырғысында тойтарылды. Қазір зиянкес трафикті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп жазылған Мемлекеттік техникалық қызметтің ресми мәліметінде.
Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев Президент алдындағы ведомство қызметінің 2022 жылғы негізгі қорытындылары туралы есеп барысында ҰҚК техникалық бөлімшелерімен 341,8 млн, кибер - және 2954 DDoS-сыни инфрақұрылым объектілеріне шабуыл жасалғанын хабарлады.
2022 жылдың қазан айында Қазақстанның "Киберщит" бір айда 20 млн-ға жуық шабуылға тойтарыс бергені хабарланды.
2022 жылдың қыркүйек айының соңында мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандық БАҚ-қа хакерлік шабуылды тіркеді. Кейінірек «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ интернеттің қазақстандық сегментіне кибершабуылдар бірнеше күннен бері жалғасып жатқанын хабарлады.
Порталға 2,5 сағат - 13.15-тен 16.00-ге дейін шабуыл жасалды
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2023, 20:31 90776
Қазақстанда телерадио хабарларын тарату 18 қаңтарда уақытша тоқтатылады
Сурет: depositphotos.com
Достарға айту
Жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі
Астана. 16 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 18 қаңтар айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ.
Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2022, 20:03 109456
Қазақстандағы электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі
Достарға айту
3% жаңартылатын көздерден (ЖЭК)
Астана. 19 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандағы электр энергиясының 70% көмірден, 20% газдан, 3% жаңартылатын көздерден (ЖЭК), қалғаны - су көздерінен өндіріледі, хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2021 жылы жаңартылатын энергия көздерінің объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 4,2 млрд кВт/сағ құрады.
Жаңартылатын энергия көздерінің объектілері, соның ішінде ірі СЭС-тер өндіретін электр энергиясының үлесі 2015 жылғы 10,3%-дан 2020 жылға қарай 11%-ға дейін өсті. Ірі су электр станцияларын есептемегенде бұл көрсеткіш одан да төмен - 2021 жылы алынған қуаттың үлесі 3,7%-ды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.12.2022, 11:21 113251
Қазақстанда 3G технологиясы заманауи технологиямен ауыстырылады және автотрассаларды интернетпен қамтамасыз етеді
Мобильдік 4G технология 100%-ға жеткізіледі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2027 жылға дейін Қазақстан ескірген 3G технологиясын заманауи технологияға ауыстырып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды ұялы байланыс пен интернетке қосады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Жаңа цифрлық мүмкіндіктер бағыты бойынша барлық қалалар мен аудан орталықтарында кең жолақты Интернетті қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінгі ұялы байланыс бойынша жағдайға тоқталсақ, 3G технологиясы бойынша 3 мыңнан астам елді мекен, 4G - 1 628 елдімекен қамтылған", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Оның айтуынша, мыс кабелімен өткізілген сымды байланыс 34%-ды, ал оптика 26%-ды құрап отыр.
Әлемде мыс кабелі мен 3G технологиясының ескіруін назарға ала отырып, 2027 жылға дейін оларды түпкілікті ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ мобильдік 4G технология 100%-ға жеткізіліп, оптика инфрақұрылымы 90%-ға арттырылады", - деді министр.
Сонымен қатар, Бағдат Мусиннің айтуынша, 2027 жылға дейін 5G технологиясының Астана, Алматы және Шымкенттегі үлесі 75%-ға, ал облыс орталықтарында 60%-ға көтеріледі.
Келесі маңызды іс-шара - бұл республикалық және басты облыстық маңызы бар жолдарды ұялы байланыс пен интернетке қосу. Қазіргі кезде интернет осы жолдардың 25%-да ғана қосылған. Ал, ұялы байланыс 86%-ды құрайды. 2027 жылға дейін осы жолдардың 100% интернетпен және ұялы байланыспен қамтылатын болады. Бұл іс-шаралар "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы шеңберінде жүргізіліп, операторларға берілген салық преференциялары мен олардың инвестициялары негізінде қаржыландырылып, республикалық және жергілікті бюджет шығындарымен толықтылырады", - деді ведомство басшысы.
Бұған дейін Қазақстанда интернет сапасына қойылатын талаптарды қатаңдату ұсынылып отырғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
30.09.2023, 16:47Ақтөбелік полицейлер тастанды баланың анасын іздеустіруде 30.09.2023, 16:34 731Қарағанды облысындағы ұшақ апатқа ұшырады30.09.2023, 17:46 526Ақмола облысында прокурорлар жол салу кезінде 3 млрд теңгеден астам сомаға өрескел заң бұзушылықтар анықтады30.09.2023, 18:00 431"Қазатомөнеркәсіп" уран өндірісін 2025 жылы 100%-ға дейін ұлғайтпақ30.09.2023, 17:35 421АЭХА Қазақстан бастамасымен көтерілген елдердің егемендік теңдігі туралы қарарды қабылдады
28.09.2023, 16:38 70736Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын28.09.2023, 16:46 70501ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды28.09.2023, 16:57 70301Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін26.09.2023, 21:03 60231Елордада балабақшалардағы 10 мыңнан астам орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды26.09.2023, 21:43 59466Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамына жаңа бас қолбасшы
28.09.2023, 16:38 70736Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын08.09.2023, 17:29 705315 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді28.09.2023, 16:46 70501ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды28.09.2023, 16:57 70301Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін15.09.2023, 18:02 684162023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады