20.10.2022, 16:20 33811

Қостанай облысындағы орман өрті табиғи апат емес - Брекешев

Қостанай облысындағы орман өрті табиғи апат емес - Брекешев
Астана. 20 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қостанай облысында болған орман өрті табиғи емес. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.
 

Қостанай облысындағы соңғы өрт туралы айтар болсам, бастапқыда жалпы ауданы 43,8 мың гектар дегенбіз. Бірақ есептеген кезде су ныснадары мен ауыл шаруашылығы жерлері алып тастағанда шамамен 40 мың гектар болды. 35 мың гектарға жуық орман алқабы өрттен зардап шекті", - деді Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

 
Министрдің айтуынша, екі комиссия осы өрттен болған залалды есептеу жұмысын жүргізген.
 

Бүгінгі таңда алдын ала деректер бар. Өрттен келген тікелей залал шамамен 4 млрд теңгені құрады. Өрттің себебіне келер болсақ, қазір бізбен жұмыс істеген комиссия және ведомствоаралық комиссия әзірше табиғи өрт емес деген нұсқаға сүйеніп отыр. Комиссия мұны қылмыстық іс аясында тергеуде. Меніңше, жақын арада өрттің нақты себебі анықталады", - деді ол.

 
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанайдағы өрт қасақана адам қолынан болды деген нұсқаны жоққа шығармайтыны туралы айтты. Сонымен қатар Қостанай облысындағы орман өрттеріне байланысты "Басаман орман шаруашылығы мекемесінің" басшысы қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте Қостанай облысында 8 күнге созылған орман өрті жойылды. Жану 2 қыркүйекте Әулиекөл ауданында басталды. Өрт шыққан сәттен бастап жалпы ауданы 43 мың гектарды құрады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны