13.05.2021, 21:47 10235

Ақмола облысында жазғы мектептер ұйымдастырылады

КӨКШЕТАУ. 13 МАМЫР - Ақмола облысында жазғы мектептер ұйымдастырылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Өңірде бұл оқу жылы көптеген оқушылар үшін жазғы мектептерде оқумен жалғасады. Екі апта ішінде олар барлық білім беру мекемелерінде оқушылар біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін бағдарланатын болады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
 
Білім басқармасының мәліметінше, барлық ниет білдірушілер үшін тегін жазғы мектептер ұйымдастырылады. Сабаққа барлық тілек білдірушілер ерікті негізде қатыса алады. Баланы тіркеу үшін ата-анадан тиісті өтініш қажет.
 

Көптеген мектептер оқу жылы бойы қашықтықтан білім алуына байланысты оқушыларға көмек ретінде жазғы мектептерді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Жазғы мектепте білім алушылар үшін негізгі пәндер бойынша консультациялар ұйымдастырылады, олар білім шығынының орнын толтыруға, өткен материалды сапалы меңгеруге, практикалық міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастыруға, оқуға деген ынтаны арттыруға мүмкіндік береді", - деді облыстық ведомствоның басшысы Бейбіт Жүсіпов.

 

Оқыту санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ұйымдастырылады. Біз оқушылар үшін жазғы мектепті өткізу қашықтықтан оқыту кезеңінде игерілмеген білім алу үшін тамаша мүмкіндік деп санаймыз", - деп толықтырды Жүсіпов.

 
Оқу жылының соңына дейін, яғни 25 мамырға дейін өтініш беруге болады. 
 
2021 жылы облыста 130 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді, олардың 5 040-ы аттестат алады және 10 196-ы толық емес орта білім алады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны