24.05.2021, 23:33 6570

Қазақстан мен Ресейдің тікұшақ қызметтерінің операторлары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстандық тікұшақ операторының қызметкерлері Тюменьдегі персоналды даярлау орталығында МИ-26, МИ-8Т, Ми-8МТВ және Ми-8АМТ тікұшақтарының тренажерларында жаттығуға мүмкіндік алады.
МӘСКЕУ. 24 МАМЫР - Мәскеуде тікұшақ индустриясының халықаралық көрмесі өтті. Шара барысында Қазақстан мен Ресейдің тікұшақ қызметтері операторлары арасында ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Меморандум аясында ұшу құрамын оқыту және қайта даярлауды қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазақстандық тікұшақ операторының қызметкерлері Тюменьдегі персоналды даярлау орталығында МИ-26, МИ-8Т, Ми-8МТВ және Ми-8АМТ тікұшақтарының тренажерларында жаттығуға мүмкіндік алады.
 

Біз ресейлік әуе кемелеріне қызмет көрсету мен оларды пайдалануда өз тәжірибемізбен бөлісуге, сондай - ақ инженерлік және ұшу кадрларын даярлауға көмектесуге дайынбыз", - деп "ЮТэйр-тікұшақ қызметтері" АҚ-ның бас директоры Александр Стефанюк түсініктеме берді.

 
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Болат Абайділдинов атап өткендей, ұйыммен серіктестік әуекомпания үшін ғана емес, жалпы қазақстандық авиация үшін де дамудың перспективалы бағыты болып табылады, бұл тәжірибе алмасуға және әуе көлігі секторын жақсартудың жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны