17.08.2022, 15:04 12526

Қазақстанда белгісіз біреулер өздерін Еңбек министрлігінің қызметкері ретінде таныстырып, әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді

Министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды.
НҰР-СҰЛТАН. 17 ТАМЫЗ - Қазақстанда белгісіз біреулер өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, қазақстандықтарды алдауда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, белгісіз тұлғалар өздерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон соғып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. 
 

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттардағы тыйым салуды алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан есепшоттарға тыйым салынған). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан тыйым салуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігін айтады", - деп хабарлады ведомствода.

 
ҚР Еңбекмині министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны