06.10.2022, 16:13 21496

Алматы әуежайында ескі VIP-терминал ғимаратына қосымша бұзылды

Алматы әуежайында ескі VIP-терминал ғимаратына қосымша бұзылды
АЛМАТЫ. 6 ҚАЗАН - Алматы халықаралық әуежайында VIP-терминалдың ескі ғимаратына қосымша бұзылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

VIP-терминалдың ескі ғимаратының жалғасы бұзылды. Қазір бас ғимараттың негізгі архитектуралық элементтері мұқият көшіріліп жатыр", - деп хабарлады агенттік тілшісіне әуежайдың баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін қоғам белсенділері Алматы әуежайындағы VIP-терминал бойынша шешіммен келіспейтіні хабарланған болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ірі инвестордың қаражаты есебінен халықаралық әуежайдың жаңа терминалы салынуда.
 
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаевтың айтуынша, жаңа терминал әуежайдың өткізу қуатын жылына 2,5 миллион жолаушыдан 14 миллионға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
 

Жобаның жалпы құны 90 млрд теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі 2024 жылға жоспарланған", - деді Берік Солтанбаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны