19.01.2023, 12:38 40726

Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңге ұрланды

ArtSport бағдарламасы бойынша баланың үйірмеге қатысқан, қатыспағанын тексеру үшін Алматыда QR кодтар жүйесі енгізіледі
Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңге ұрланды
Алматы. 19 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ArtSport бағдарламасы аясында баланың үйірмеге келгенін тексеретін QR-код пайда болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Кездесу барысында аудан тұрғыны үйірмелерге қатысты мәселе көтерді.

Алатау ауданында 23 ықшам аудан бар. Бірде-біреуінде музыка, спорт, қолөнер мектебі жоқ. Қала орталығына тасу мүмкін емес. Сондықтан, ArtSport мәселесін шешсеңіздер", - деп өтініш білдірді ол.


Әкім балалардың шығармашылығын дамыту мәселесі шешімін табатынын, сондай-ақ ArtSport бағдарламасы бойынша QR-код енгізілетін жеткізді.

Мен өз баяндамамда жазға дейін жаңа ғимарат ашылатынын айттым. Балалардың баратын жері болады. Күн сайын 5 мың бала деген аз емес. Ал, ArtSport мәселесі бойынша енді QR-код қолданысқа енгізіледі. Себебі, өткен жылы Алматы қаласына 20 млрд теңге бөлгенбіз. Оның 2,5 млрд теңгесі қолды болып кетті. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Жалпы, баланың үйірмеге қатысқан, қатыспағанын тексеру үшін QR-код керек", - деді Ерболат Досаев.


Айта кетсек, биыл балалар үйірмелеріне 16 млрд 200 миллион теңге бөлінген, соның ішінде Алатау ауданына 2 млрд 300 миллион теңге бағытталды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны