17.04.2025, 13:37 159011
Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізіледі
Достарға айту
2025 жылдың 20 сәуірінен бастап Алматыда жасыл желектерді биологиялық өңдеу маусымы басталады. Іс-шаралар ағаштардың жағдайын жақсарту, олардың зиянкестерге төзімділігін арттыру және қалада экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жұмыс түнде жүзеге асырылады: тікелей күн сәулесінің болмауы баяу булану арқылы зиянкестерге қарсы құралдардың ұзақ әсер етуіне ықпал етеді.
Ағымдағы жылға арналған өңдеу жоспары жалпы аумақтағы 2,3 миллион жасыл кеңістікті қамтиды. Жұмыстарды пестицидтерді өндіруге және қолдануға лицензиясы бар мердігер ұйымдар төрт кезеңде орындайды:
I кезең: 20 сәуірден 30 мамырға дейін-бірінші өңдеу (төрт рет емен және екі рет терек өңдеуді қосқанда);
II кезең: 1 маусымнан 30 маусымға дейін-екінші өңдеу;
III кезең: 5 шілдеден 5 тамызға дейін-үшінші өңдеу;
IV кезең: 15 тамыздан 20 қыркүйекке дейін-төртінші өңдеу.
Өңдеу үшін климаттық факторларды ескере отырып, ел аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамдарға, құстар мен жануарларға зиянсыз, қауіптілігі төмен сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайларда химиялық препараттар (П-4) қолданылады.
Соңғы төрт жылдағы жұмыстардың нәтижелері бойынша препараттардың жоғары тиімділігі, әсіресе каштан көбелегі, долана және раушан жапырақшалары сияқты фитофаг зиянкестерімен күресуде тіркелді. Жыл сайынғы жүйелі өңдеу қауіпті жәндіктердің санын тұрақты түрде азайтуға және қалалық ағаштардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.06.2025, 18:03 7961
Астанада демалыс күнгі жәрмеңке өтеді
Достарға айту
Астанада 14-15 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар мен тосаптарды және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 14 және 15 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада тағы бір ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істеп тұр. Ол Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) орналасқан. Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін келушілер үшін ашық.
Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке маңынан №2, 32, 49, 50 және 73 автобустары қатынайды, бұл іс-шара өтетін орынға қолайлы жетуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 14:09 54206
Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды
Достарға айту
Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусым, жұма күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметінен.
Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру - 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2025, 17:03 70746
Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі
Достарға айту
Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында "Алма-Арасан" автотұрағынан бастап термалды бұлаққа дейінгі туристік маршрут уақытша жабылады. Бұл шектеуге "Қыздың көз жасы" сарқырамасы мен "Терра" алаңқайы да кіреді.
Шектеу қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға арттыруға бағытталған маршрутты қайта жаңғыртудың екінші кезеңімен байланысты.
Жоба аясында көпірлерді бұзу, жаңалау, соқпақтарды жаңарту, баспалдақтар мен көріктендіру нысандарын орнату жоспарланған. Бұған дейін, 12 мамырдан бастап дайындық жұмыстары жүргізілген: беткейлер тазартылып, қорғаныс құрылымдары орнатылып, маршрут күшейтілген.
Маршрут жұмыс, демалыс және мереке күндері де толықтай жабық болады. Жұмысты 31 шілдеге дейін (ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін) аяқтау жоспарланып отыр.
Жоба заманауи, қауіпсіз әрі экологиялық таза туристік маршрутты қалыптастыруға бағытталған.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде бұл шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 16:58 107171
ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды
Достарға айту
Жазғы демалыстың басталуымен бірге балаларымен теміржол арқылы сапар шегетін жолаушылардың саны артуда. Осыған байланысты Ұлттық тасымалдаушы балаларды пойызбен тасымалдау тәртібіне ерекше назар аударуға шақырады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады. Егер балаға бөлек орын қажет болса, онда міндетті түрде балалар билеті рәсімделуі тиіс. Егер отбасыда 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болса, әрбір ересек жолаушы тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады, ал басқа балалар үшін міндетті түрде балалар билеті сатып алынады.
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пойызда арнайы балалар билетімен ғана сапарлай алады. Мұндай билет ересектерге арналған жолақының 50%-ын құрайды.
15 жастан асқан балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді. Олар пойызда өздігінен сапарлай алады, алайда бұл жағдайда олардың қолында ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды расталған жазбаша рұқсаты болуы қажет.
Мемлекетаралық бағыттарда балаларды тасымалдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады: егер орын берілмесе, 5 жасқа дейінгі балалар тегін сапарлай алады; 5 пен 10 жас аралығындағы балалар үшін арнайы балалар тарифі қолданылады; ал 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар Қазақстан аумағында жолақының 50%-ын төлесе, шетел аумағында толық тарифпен жүреді.
Егер бала ата-анасымен бірге сапар шегетін болса, билет сатып алу және пойызға отыру кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты көрсетілу қажет. Егер баланы заңды өкілі емес адам ертіп жүрсе, онда екі ата-ананың нотариалды куәландырылған рұқсаты талап етіледі.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға және балалардың үнемі ересектердің қарауында болуын қатаң түрде қадағалауды шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2025, 12:03 115601
Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды
Достарға айту
Алматыда мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі басталып, мопед жүргізушілері арасындағы жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Аталған шараның негізгі мақсаты - жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Биылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Жаңашылдыққа сәйкес, мопед жүргізушілерінен "А" санатындағы жүргізуші куәлігі, көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу, сақтандыру полисі мен мемлекеттік нөмір болуы талап етіледі. Осы талаптар енгізілгелі бері қалада 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 1,5 мыңға жуық мопед арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Бұл көліктердің ішінде жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірсіз басқарылған, қауіпсіздік талаптарын елемегендер де бар.
Біз "Қауіпсіз жол" іс-шарасының екінші кезеңі аясында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудеміз. Негізгі назар - мопед жүргізушілеріне бағытталған, себебі бұл санаттағы азаматтар қарапайым қауіпсіздік ережелерін жиі елемейді. Бұзушылықтар патрульдік қызмет, стационарлық бекеттер және бейнебақылау жүйелері арқылы тіркеледі. Біздің ұстанымымыз - заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік. "Заң мен Тәртіп" - жай ұран емес, әрбір азамат орындауға міндетті қағида", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 14:01 188776
Алматыда 9 мамырда 500-ден астам дронның қатысуымен шоу өтеді
Достарға айту
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай дрондар шоуы өтеді, деп хабарлайды Almaty_Joly.
9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматыдағы Абай алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше дрондар шоуы өтеді. Іс-шара барысында аспанда 500-ден астам дрон қатысатын жарық шоу ұсынылады.
Көрсетілім барысында соғыс жылдарында Қазақстанның хас батырлары - Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлы бейнесі жарық анимация арқылы жанданбақ. Олардың ерлігін сипаттайтын көріністер символикалық түрде бейнеленеді.
Көрермендерге арналған арнайы алаңдар Абай алаңында, "Қазақстан" қонақ үйінің жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында (Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейін) дайындалады.
Іс-шараға байланысты 18:00-ден 21:30-ға дейін Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейінгі аралығы мен Достық көшесінің Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.
Қала тұрғындарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2025, 18:37 208266
Алматыда биыл 800 экологиялық автобус сатып алынады
Достарға айту
Қалада тиімді көлік қозғалысын басқару мақсатында Алматы әкімдігі мен Қытайдың Inspur мемлекеттік компаниясы 2025 жылы сәуірде Алматының Зияткерлік көлік жүйесі (ITS) тұжырымдамасын әзірледі. Бұл туралы қала әкімінің 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде айтылған, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жоба бойынша келісімшарт 2025 жылы 20 мамырға дейін жасалып, жүйе 2026 жылдың тамызына дейін іске қосылады.
Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін қалалық қоғамдық көлікті 100% экологиялы ету көзделген. Биыл 29 сәуірде 600 газбен жүретін және 200 электр автобусты сатып алуға байқау жарияланды. Жеке тасымалдаушылар өз тарапынан 800 газбен жүретін және 118 электр автобусты сатып алуды жоспарлап отыр.
Электр көлігі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2025 жылы ақпаннан бастап 6 инвесторға 233 электр зарядтау станциясын орнатуға техникалық шарттар берілді.
Сонымен қатар, "жасыл" облигациялар есебінен 100 электробус сатып алып, 10 троллейбус қосалқы станциясын жаңғыртуға құжаттар дайындалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімдігі 2025 жылы алғаш рет "жасыл" облигацияларды электробус сатып алуға ғана емес, сондай-ақ, Желтоқсан көшесіндегі BRT желісінің құрылысын жалғастыруға бағыттамақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2025, 15:47 208496
Астанада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Достарға айту
Астанада 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Олардың арасында концерттер, көрмелер, акциялар, спектакльдер және т.б. бар, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
6-8 мамыр күндері адам көп жиналатын орындарда еріктілер блиц-сауалнама жүргізіп, қоғамдық орындарда "Жеңіс лентасы" ленталары мен төсбелгілерін тарататын болады.
6 мамырда сағат 19:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Әлия" спектаклін көрсетуді жоспарлап отыр, сонымен бірге Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Кестелі орамал" мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ, "Жастар" сарайында сағат 19:00-де "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерттік бағдарламасы жоспарланған.
Астанада "VIRTUS WORLD TENNIS CHAMPIONSHIP" (дамуында зияткерлік кемістігі бар тұлғалар) ерлер мен әйелдер арасында теннистен әлем чемпионаты өтіп жатыр, ол 11 мамырға дейін "Дәулет" теннис орталығында мына мекенжай бойынша жалғасады: Қордай көшесі, 6. Көрермендерге кіру тегін.
6-10 мамыр аралығында елордада спорттық гимнастикадан ашық қалалық чемпионат өтуде. Жарыс Ә. Жангелдин, 9А мекенжайы бойынша "Жеңіс" СК өтеді. Көрермендерге кіру тегін.
2025 жылғы 7 мамырда сағат 11:00-де Астанада концерттер мен әскери парадтың тікелей көрсетілімі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандар арқылы шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:
1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);
2. "Астана Арена" стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);
3. "Astana Music Hall" автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).
Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.
Сағат 12:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының аумағында әртістердің қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
8 мамыр күні сағат 15.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
9 мамырда Ботаникалық бақта елордалық студенттер мен оқушылар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Эстафета сағат 9:00-де басталады. Қатысуға спорттық дайындығы бар және медициналық тексеруден өткен оқушылар мен студенттер жіберіледі (командалар басшы мен дәрігер куәландырған өтінімді ұсынуы тиіс).
9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай "Жастар" саябағында сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін және қалалық алаңда сағат 17:00-де мерекелік концерттер өтеді. Сол күні сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Ар адамы - Бауыржан" спектаклінің премьерасы өтеді.
Сондай-ақ, 9 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін қала әкімдігі, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерінің, әскери оркестрдің қатысуымен оркестрмен құттықтау болады.
Сонымен қатар, 9 мамырда елордада "Qazaqstan Barysy Grand Slam" дзюдодан халықаралық турнир басталады. Жарыс Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Көрермендерге кіру тегін.
10 мамыр күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Мамыр вальсі" мерекелік концерті өтеді.
10 мамыр күні сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында "Ар адамы. Бауыржан" сахналанады.
Естеріңізге сала кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлем аударылды. Сондай-ақ, "Қамқорлық мекенжайы" акциясы аясында ардагерлерге азық-түлік себеттері табысталады, аулалар қоқыстардан тазартылады және т.б.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.06.2025, 10:38Елімізде сегіз сала бойынша мамандар даярлау үшін ЖИ қолданатын кәсіби стандарттар әзірленуде 13.06.2025, 13:43 7341Қазақстандық авиакомпаниялар Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстарға байланысты әуе бағыттарын өзгертуде13.06.2025, 15:01 6456Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі13.06.2025, 15:13 6176Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады13.06.2025, 15:16 5921Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі
11.06.2025, 13:55 71716Мамыр айында Enbek порталы орта білікті кадрларға жоғары сұранысты сақтап қалды11.06.2025, 13:42 71521Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалады11.06.2025, 13:33 71061Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды10.06.2025, 18:52 63646Елімізде барлық республикалық жолдар заманауи жол сервисімен қамтамасыз етілетін болады11.06.2025, 13:16 57721"Қазпоштаны" Бекежан Жақеев басқарады
03.06.2025, 14:47 131106Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды23.05.2025, 13:56 123611Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 122126Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 120566Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 119866Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары