03.04.2025, 16:45 93286

Астанада дератизация жұмысы екі маусымда жүргізіледі

Астанада дератизация жұмысы екі маусымда жүргізіледі
Астанада 2025 жылы кеміргіштермен күрес екі маусымда - көктем мен күзде жүргізіледі. Сәуір айында дератизация жұмыстары басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Санитарлық нормаларға сәйкес 2025 жылы дератизация жұмыстарын екі маусымда (көктем және күз) жүргізу жоспарланып отыр. Жабық станциялар 21 сәуірден 18 мамырға дейін, ал ашық станциялар 20 сәуірден 1 маусымға дейін жұмыс істейді.

Жеке сектор (тұрғын аумақтар) және ашық аумақтар (саябақтар, өзендер, су қоймалары, каналдар, зираттар) өңдеуге жатады.

Жеке сектор тұрғындарына арнайы уландырғыштар тегін таратылады, ал қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру жүргізіліп жатыр.

Дератизация Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген уландырғыштарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Мұндай шаралар кеміргіштердің санын азайтып, аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны