12.05.2022, 14:39 19436

Қазақстан Өзбекстанмен теміржол қатынасын қайта жандандырады

15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды.
Қазақстан Өзбекстанмен теміржол қатынасын қайта жандандырады
Сурет: ҚТЖ
ТАШКЕНТ. 12 МАМЫР - 15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды.
 
 "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ келісімі бойынша, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтіріліп жатыр, деп мәлімдеді "Өзбекстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
 
15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды. Ал осы жылдың 16 мамырынан бастап №1/2 пойызы Алматы – Ташкент – Алматы бағыты бойынша рейске шығады. Рейстердің "Ташкент – Орталық" теміржол вокзалынан Қазақстанға қатынау жиілігі аптасына үш рет.
 
Еске салсақ, Өзбекстан 2020 жылғы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы жолаушылар теміржол қатынасын тоқтатқан еді. 
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны