22.02.2023, 09:20 24686

Қазақстанда қаржы пирамидаларды жарнамалайтын 13 мың интернет-сілтемелері мен аккаунттар бұғатталды

Өткен жылы 29 қаржы пирамидасы жойылды
Астана. 22 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда қаржы пирамидаларды жарнамалайтын 13 мың интернет-сілтемелері мен аккаунттар бұғатталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Өткен жылдың өзінде 29 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 8,3 млрд теңгенің шығыны өтелді. Азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемелері мен аккаунттары бұғатталды. Қазірдің өзінде тартылған азаматтарға 19 000 ескерту жіберілді, бұл 15 000 азаматтың қауіпті аккаунтар жазылымынан бас тартуына ықпал етті", - деп хабарлады ҚМА.


Дегенмен, ведомствоның мәліметінше, азаматтар өздеріне керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға салуды жалғастыруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны