Система Orphus

Қазақстанда ересектерде COVID-19 диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына өзгерістер енгізілді

19.07.2021, 23:04 16444
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Қазақстанда ересектерде COVID-19 диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына өзгерістер енгізілді.
 
Жаңа хаттамада аурудың белгілері 12 аптадан астам уақытқа созылған "ұзақ ковид" ұғымы енгізілді, деп хабарлайды портал medelement.com.
 
Сондай-ақ, құжат инкубация кезеңінде және аурудың ауыр кезеңінде пациенттердің шағымдарының тізімін толықтырды. Оған мыналар кірді: - дене температурасының көтерілуі (гипертермия - немесе температураның көтерілуінсіз); 
 
- жалпы әлсіздік, дімкәстік; 
 
- бас ауруы; 
 
- тершеңдік (айқын болуы мүмкін); 
 
- тәбеттің жоғалуы; 
 
- тынышсыз мінез-құлық (ажитация); 
 
- бұлшықеттердегі, сүйектердегі және буындардағы ауырсыну, денедегі ауырсыну (кейде қарқынды); 
 
- жөтел (сирек құрғақ немесе аздаған қиын бөлінетін қақырықпен, ауыр, ұстамалы болуы мүмкін); 
 
- жұтқан кезде тамақтың ауыруы; 
 
- мұрынның бітелуі, ринит; 
 
- кеудедегі ауырсыну, ауа жетіспеушілігі сезімі; 
 
- аносмия (иіс жоғалуы); 
 
- агевзия (дәмнің жоғалуы); 
 
- тиннит, есту қабілетінің бұзылуы; 
 
- жүрек айну, құсу; 
 
- иккуп; 
 
- іштің ауыруы, диарея, сфинктердің әлсіздігі; 
 
- конъюнктивит (сирек); 
 
- бөртпе (себебін нақтылау қажет).
 
Ауыр жағдайларда: 
 
- ентігу (тексеру кезінде немесе ауру динамикасында); 
 
- тыныс алудың қиындауы, ауа жетіспеушілігінің сезімі; 
 
- жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы; 
 
- жүрек айну, құсу (сирек); 
 
- тұрақты бас ауруы; 
 
- іштің ауыруы; 
 
- жүрек аймағындағы ауырсыну; 
 
- бас айналу; 
 
- зәр шығару; 
 
- перифериялық коллапс; 
 
- жедел жүрек жеткіліксіздігі; 
 
- төменгі аяқ тамырларының тромбозы, гангрена.
 
Жаңа хаттамада "Ремдесевир" препаратын тағайындау шарттары да нақтыланды. Оны әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіптен асып кеткен кезде пациенттің қол қойылған ақпараттандырылған келісімі болған кезде дәрігерлер консилиумы тағайындай алады.
 
Сонымен қатар, құжатта биохимиялық әдіспен жүргізілетін зертханалық зерттеулердің тізімі толықтырылған, ПТР-зерттеу және КТ-, рентген-диагностиканың жеңіл дәрежедегі адамдарда және аурудың орташа ауырлықтағы дәрежесінде жүргізілуі егжей-тегжейлі сипатталған.

Ақпарат көзі: medelement.com
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны