02.12.2022, 11:38 32061

Қазақстанда "Киік" республикалық акциясы өтуде

Акция киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған
Қазақстанда "Киік" республикалық акциясы өтуде
Сурет: Depositphotos
Астана. 2 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Аталмыш шара аясында киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы жылына екі рет жүргізіледі - киіктердің күйлеу кезеңінде, яғни 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін және олардың төлдеу кезеңінде - 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында, деп хабарлады ведомствода.

Киік акциясына "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның 224 инспекторлары, сонымен қатар ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын мобильдік топтар қатысады.

Экология министрлігі киіктерді заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылғанын еске салды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны