17.01.2022, 17:40 24051

Қазақстанда оқушылар мен студенттер қалай оқитын болады

Қазақстанда оқушылар мен студенттер қалай оқитын болады
НҰР-СҰЛТАН. 17 ҚАҢТАР - Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқушылар мен студенттердің Қазақстанда қалай оқитынын айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, эпидемиологиялық ахуалға байланысты үшінші тоқсанда оқыту әртүрлі форматта басталады. Еліміздің 3 қаласында: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында балалар қашықтан оқиды. Барлық техникалық құралдар таратылуда. Эпиджағдай жақсарған жағдайда, санитариялық дәрігерлер офлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
 

600-ден астам оқушысы бар қалалық мектептер қашықтан оқыту форматында жұмыс істейді. Бұл ретте мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 1-2 сыныптарда - оқытудың штаттық форматы, ал 3-5 сыныптарда - кезекші сыныптар болады. Сыйымдылығы 600 оқушыға дейінгі қала мектептері және барлық ауыл мектептері штаттық форматта жұмыс істейді. Ел бойынша штаттық форматта оқитын оқушылар саны 2 млн асады, ал қашықтан оқитын оқушылар саны - 1,5 млн жуық. Яғни, оқушылардың 60% -штаттық форматта, 40% қашықтан оқиды", - деді Гүлмира Кәрімова. 

 
Оның айтуынша, үшінші тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады.
 
Спискер санитарлық дәрігерлердің шешіміне байланысты балабақшаларда оқыту және тәрбиелеу жұмыстары штаттық форматта жүргізілетінін айтты.
 
Сонымен қатар, бұл өңірлерде мектептен тыс ұйымдарда оқыту жеке немесе топтық сабақтар кезінде штаттық режимде – 10 адамға дейін ұйымдастырылады. 
 

Арнайы ұйымдарда - түзету кабинеттері, ресурстық орталықтарда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Бұл ұйымдарда жұмыс жеке және 8 адамнан аспайтын топтарда ұйымдастырылады. Республика бойынша ондай 160 мыңнан астам оқушы бар", - деді комитет төрайымы. 

 
ҚР ДСМ СЭБК тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахимжанованың мәліметінше, балалар арасында омикрон штаммы әлі анықталған жоқ. 16 қаңтарда КВИ жұқтырған 685 бала тіркелді, соның ішінде 3 - ЖОО, 19 - колледж студенті. ВАК шешімі негізінде вакцинаны толық алған балалар сабақты офлайн оқи алады.
 
ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев хабарлағандай, студенттер үшін көктемгі семестр 24 қаңтарда офлайн режимде басталады. 
 
Оның ақпараты бойынша, жоғары оқу орындары каскадтық әдісті қолдана алады, яғни студенттердің жинақталуын барынша азайту үшін оқуды бастау оқу курсына/оқу бағыттарына байланысты 24 қаңтар мен 6 ақпан аралығында кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы мүмкін. Жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер - онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар - офлайн режимде өтеді.
 

Студенттердің практикасы да офлайн режимінде практика базаларында жүзеге асырылатын болады. СЭР талаптарын орындау үшін жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып табылады. Студенттерден ПТР тестілеу талап етуге жол берілмейді. Маска режимі қамтамасыз етіледі. Жоғары оқу орындары басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыруды алдын ала қамтамасыз етеді. Бүгінде 5 мыңнан астам студент жатақханада тұрады", - деді департамент директоры. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны