15.07.2021, 21:29 20854

Қазақстанда "Спутник Лайт" ресейлік вакцинасы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 12 шілдеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Спутник Лайт" ресейлік вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Спутник Лайт" Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуын және таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мәжілісі хаттамасының және ҚР Үкіметінің "COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң нәтижелі қорытындысы негізінде тіркелді", - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Вакцина өтінім беруші-өндірушінің елінде тіркелген, сонымен қатар вакцинаны өндірушінің өндіріс алаңы GMP талаптарына сәйкес келеді.
 
Комитет уақытша тіркеу куәлігін 8 ай мерзімге берді.
 

"Спутник Лайт" - бұл SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекция профилактикасына арналған векторлық вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған 0,5 мл/доза ерітінді, өндірушісі - Ресей Федерациясы. Вакцина "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті (26 серотипті адамның рекомбинантты аденовирусы (rАd26)) болып табылады. "Спутник Лайт" тиімділік көрсеткішінің иммунизация алудан кейін 28-ші күннен бастап 79,4% құрайтынын атап өтеміз. "Спутник Лайт" иммунизациясынан кейін күрделі жағымсыз реакциялардың тіркелмегенін атап көрсетуге болады", - деп хабарлады министрлікте.

 
Бүгінгі таңда бұл – Қазақстанда қолдануға мақұлданған осымен бесінші вакцина. Бұрын елде қоланылатын вакциналар тізбесіне "QazVac", "Спутник V", "Hayat-Vax" және "СоronaVac" енгізілген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны