05.04.2023, 09:23 44751

Қазақстанда "Уылдырық" акциясы басталды: тыйым салу кезеңінде балық аулау үшін айыппұл салынып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде жауапкершілік қарастырылған

ІІМ қызметкерлері балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату фактілерін анықтайтын болады
Қазақстанда "Уылдырық" акциясы басталды: тыйым салу кезеңінде балық аулау үшін айыппұл салынып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде жауапкершілік қарастырылған
Сурет: Depositphotos
Астана. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Уылдырық шашу кезеңінде балық қорының түрлерін сақтау мақсатында экология және табиғи ресурстар министрлігімен елімізде ағымдағы жылдың 5 сәуір мен 5 маусым аралығында "Уылдырық" балыққорғау науқаны өткізіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
 
​Республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып тыйымның мерзімдері белгіленген.
 
ҚР ІІМ деректері бойынша, құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тыйым салынған кезде балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтауға назар аударады.
 

Аталмыш тыйымды бұзғаны үшін заңмен 10 нан 40 АЕК көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қылмыстық (ҚР ҚК-нің 335-бабы) жауапкершілік қарастырылған. Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа қамқор болып, бекітілген балық аулау қағидаларын сақтап заңды бұзбауға шақырады", - деп атап өтті ведомствода.

 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны