11.10.2021, 20:53 88812

Қазақстанда жалған вакцинация паспорттары деректер базасынан өшіріледі

НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАЗАН - Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналаудың жалған паспорттарын сатып алуға қандай тосқауыл қойылып жатқанын айтты.
 

Жұмысына адал қарамайтын әріптестеріміз де бар екені өкінішті. Бұл тұрғыда "бизнестің индустриясы" байқалды. Осы орайда біз осы мәселені шешу үшін бірінші болып бастама жасап, құқық қорғау органдарынан жедел жұмыстарды жүргізуді сұрадық. Яғни салада өзі ісіне адал емес әріптестерімізді анықтау керек болды. Бұл ретте 90-нан астам қылмыстық іс қозғалды, оның жартысынан астамы ПТР-тест нәтижелерін қолдан жасауға, ал қалғаны вакциналау паспортына қатысты. Әрбір пункт бойынша тексеріледі. Сот шешімі шыққаннан кейін, барлық жалған паспорттар базадан өшіріледі. Бірқатар ұйымдарда камералар орнатылды. Сонымен қатар ішкі қадағалау бар, медициналық ұйымдар өздері де тексеру жүргізеді", - деді А. Цой.

 
Осы орайда ол вакцина алу арқылы індеттің таралуын тежеуге мүмкін болатынын айтты. Сонымен қатар, КВИ-дің жеңіл өтуіне жағдай жасалады.
 

Шынын айтқанда, бұл мәселеге қатысты халыққа түсіндіруге тырысып жатырмыз. Адамдар өзін-өзі (жалған паспорт арқылы) алдап жатыр. Денсаулығын қорғамайтын қағазды сатып алғаннан не пайда? Кімді алдап жатыр?!", - деді министр.



 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны