24.08.2021, 19:51 7646

Қазақстанда жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды

Бұған дейін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді", — деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

 
 
Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.
 
Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны