01.06.2023, 17:07 20941

Қазақстандық оқушыларға Ақордада экскурсия ұйымдастырылды

Қазақстандық оқушыларға Ақордада экскурсия ұйымдастырылды
Сурет: Akorda
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған "Салтанат" залын, түрлі жиындар өтетін "Шығыс", "Мрамор", "Алтын" "Доғал" және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді.

Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны