08.07.2021, 22:56 18699

Қазақстандықтар өз көліктерін мамандандырылған ХҚКО-ларда сақтандыра алады

Автокөлікті қайта тіркеуді ресімдей отырып, клиент сол жерде сақтандыру полисін сатып ала алады.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ШІЛДЕ - 2021 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы автокөлік иелеріне сақтандыру қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Автокөлікті қайта тіркеуді ресімдей отырып, клиент сол жерде сақтандыру полисін сатып ала алады. Енді басқа терезелерден кезекке тұрудың немесе "көмекшілерден" сақтандыру полисін ресімдеудің қажеті жоқ", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметінде.

 

Егер пилоттық жоба сәтті өтсе, біз сақтандыру қызметін еліміздің басқа мамандандырылған ХҚКО-ларында да енгіземіз", - деді мемлекеттік корпорация төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

 
Мемлекеттік корпорацияда автокөлікті қайта тіркегеннен кейін клиенттерге ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпалдастырылған сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады. Қазіргі уақытта "Евразия" сақтандыру компаниясымен келісім әрекет етуде.
 
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 300-ден астам азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты жасалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны