06.09.2022, 15:50 25331

ҰБТ бейнежазбаларын тексергеннен кейін 137 қазақстандық гранттан айырылды

ҰБТ бейнежазбаларын тексергеннен кейін 137 қазақстандық гранттан айырылды
Сурет: instagram/ruslan_yemelbayev
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі білім беру грантының иегерлері, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тиісті шараларды қабылдап, ереже бұзушылардың грант туралы куәліктерін жарамсыз деп таныдық. Аталған фактілер бойынша ҰТО қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізіліп, жұмыстардың одан әрі жалғасуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев желідегі парақшасында.

 
Ол, сондай-ақ, биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылғанын атап өтті. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылды.
 

Құрметті 2023 жылғы талапкерлер! Міне, сіздер үшін жауапты кезең басталды, себебі алда емтихандар мен ҰБТ тапсырасыздар. Сіздер білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, алдыңғы буынның қателіктерін қайталамайсыздар деп сенеміз", - деді Руслан Емелбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны