09.06.2023, 14:21 19081

Мүгедектігі бар жандарға жағдай жасамаған нысан басшыларына 60 млн теңге айыппұл салынды

Алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 13 мыңға жуық нысан бейімделеді
Былтыр мүгедектігі бар жандар үшін қолайлы жағдай жасамаған 300-ге жуық нысанның басшысына 60 млн теңге айыппұл салынды. Мұны Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды Inform.kz.

Былтыр комитеттің аумақтық департаменттері мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде 1 181 тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде 4 мыңнан астам талапқа сай келмейтін фактілер анықталды. Тиісінше, нысан иелеріне 900-ден астам ұйғарым беріліп, 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық айыппұл салынды", - деп мәлім етті", - Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.


Жалпы ел бойынша бұл бағытта тексеру жүргізетін 227 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамында 1 630 адам бар.

Былтырдан бастап Еңбек министрлігі жанынан мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін қарау бойынша республикалық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мүгедектігі бар адамдар бірлестіктерінің төрағалары, мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша әкімдердің кеңесшілері және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді", - деп түйіндеді Төлеген Оспанқұлов.


Сонымен қоса комитет басшысы алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 13 мыңға жуық нысан бейімделетінін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны