20.07.2022, 17:44 20426

Қоғамдық талқылау барысында қоғам белсенділері Алматы әуежайының жаңа терминалының дизайнын талқылады

АЛМАТЫ. 20 ШІЛДЕ - Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалының тұжырымдамалық дизайны қоғамдық талқылаудан өтті. 
 
Қоғамдық талқылауға Алматы қаласы қоғамдық кеңес мүшелері, сәулет және табиғатты қорғау ұйымдары, құрылыс, әуе компанияларының өкілдері, кәсіпкерлер, сонымен қатар қала тұрғындары қатысты. 
 
2021 жылдың мамыр айында Алматы әуежайын сатып алған TAV Airports компаниясы халықаралық жолаушылар терминалының жаңа ғимаратын салуды жоспарлап отыр. 
 
Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады. 
 

Талқылау барысында қоғам өкілдерінің түрлі пікірі тыңдалды, олардың Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалының тұжырымдамалық дизайны туралы ойлары соңғы шешімді қабылдау кезінде ескеріледі", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі. 

 
Бұған дейін "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Эрсой Альп Эр Тунга әуежайдың жаңа терминалы қолданысқа 2024 жылы берілетінін айтқан болатын. 
 
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында оңтүстік астана әуежайының жаңа халықаралық терминалы құрылысына рұқсат берген еді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны