06.06.2023, 10:59 9796

Панфилов ауданында 15 жасар қыз іздестірілуде

4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған
Панфилов ауданында 15 жасар қыз іздестірілуде
Сурет: Polisia.kz
Жетісу облысының полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жасар Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмады. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген.

Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.

Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны