10.04.2025, 10:36 82941
Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындық: Астанада бірнеше көше уақытша жабылады
Достарға айту
2025 жылғы 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының "Индустриялық қалашық" аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі. Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осыған байланысты, Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек.
Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды, сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз. Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністіктеріңіз үшін алғыс айтамыз, деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.01.2026, 21:51 5556
Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді
Достарға айту
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің ұстамай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлады.
Аталған кезеңде байланыс операторлары желілерінің жұмысында ақау тіркелген жоқ, телекоммуникациялық инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеді.
Байланыс операторларының ақпараты бойынша, жекелеген пайдаланушылар интернет сапасының уақытша төмендеуіне тап болуы мүмкін.
Бұл бірқатар факторларға, соның ішінде келесі себептерге байланысты болуы ықтимал:
- базалық станцияларға түсетін жүктеменің артуы немесе біркелкі болмауы;
- радиоортаның ерекшеліктері мен құрылыс тығыздығы;
- желіні бір уақытта көп абоненттің пайдалануы;
- желінің тұрақтылығы мен сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстарды жүргізу.
Негізгі цифрлық мемлекеттік сервистер мен ақпараттық жүйелер жұмысы ақаусыз жалғасты. Жалпы ел бойынша интернет тұрақты жұмыс істеді.
Министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, желілердің жұмысына бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда операторлар шұғыл түрде техникалық шаралар қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 12:31 5206
Евгений Мұхамеджанов: "Көлік аз болса, ауа таза болады"
Достарға айту
Эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов тіпті ең заманауи автокөліктердің өзі ұсақ дисперсті шаңның көзі болып қала беретінін айтты. Бұл 10 микроннан кіші бөлшектер ауаға көтеріліп, тыныс алу жолдарына еніп, денсаулыққа зиян келтіреді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Көлік аз болса, ауа таза болады", - деп сарапшы қала тұрғындарын мүмкіндігінше қоғамдық көлікке немесе велосипедке отыруға шақырды. Әсіресе, орталықта тұратындар көліктен мүлде бас тарта алады. Алматының климаты мүмкіндік беретіндіктен, күндіз орталықтағы жұмысты қоғамдық көлікпен немесе жаяу бітіруге болады. Алғашқы болып жауапкершілік пен экосананы ауқатты азаматтар мен бизнес өкілдері көрсетуге тиіс.
Лондонда жеке көлік қымбат әрі ыңғайсыз, Дубайда жүк көліктері тек түнде жүруге рұқсат алады, ал Бейжіңде қатаң шаралардың арқасында ластану деңгейі 55%-ға төмендеді. Бұл қалалардың барлығында сапалы қоғамдық көлік жүйесі құрылды", - деп ол нақты мысалдар келтірді.
Әсет Тазабеков: "ЖЭО мен жекеменшік моншалар - ластану деңгейіне айтарлықтай әсер етеді"
Ренессанс плюс" компаниясының директоры Әсет Тазабековтің айтуынша, Алматы көшелерінде күн сайын 1 миллионнан астам автокөлік жүреді, олардың бір бөлігі экологиялық талаптарға сай келмейді. Ластанудың едәуір үлесін жылу электр орталықтары, соның ішінде жылына шамамен 39 мың тонна шығарынды бөлетін 1-ЖЭО бар.
Егер газға көшсек, шығарындыларды жиырма есеге дейін азайтуға болады", - деді ол.
Сондай-ақ, сарапшы қатты отын пайдаланатын жекеменшік нысандардың әсерін айтты: қалада 13 мыңнан астам монша мен шамамен 500 кәуапхана бар.
Райдин Қасымов: "Басты басымдық - автопаркті жаңарту"
Қазақстанның экологиялық аудиторлар палатасы оқу орталығының директоры Райдин Қасымов Алматыда атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелерді енгізуді қолдайды.
Оның айтуынша, шыққанына 12 жылдан асқан автокөліктерде уыттылық деңгейі 84%-ға дейін артады, ал бір ғана ақаулы көлік ластаушы заттың түріне қарай 6-14 есе көп зиянды қалдық шығарады.
Алматыда мұндай көліктердің саны 80 мыңға дейін жетуі мүмкін, ал олардың қоршаған ортаға әсері 500 мыңнан 1 миллионға дейін жарамды көліктің үлесіне тең болуы мүмкін", - деді ол.
Шығарылатын заттардың қатарында көміртек тотығы, көмірсутектер, PM2.5 және PM10 бөлшектері, азот оксидтері бар. Бұл заттар әсіресе, балалар үшін өте қауіпті.
Автопаркті жаңарту мен электр көліктерін дамыту - басым бағытқа айналуға тиіс", - деді сарапшы.
Елена Ерзакович: "Төмен шығарындылар аймағы - қала тұрғындарының әдетін өзгертуге мүмкіндік"
Көлік және экология саласының сарапшысы Елена Ерзаковичтің айтуынша, Алматыда төмен шығарындылар аймақтарын енгізу тұрғындардың көлікпен жүру дағдысын өзгертуге көмектеседі.
Бұл жай ғана шектеу емес, қаланың болашағы туралы ойлануға берілген мүмкіндік", - дейді маман.
Ол үш негізгі қадамды бөліп көрсетті:
- Қала ішінде қозғалысты азайту (пандемия кезіндегідей);
- Электромобильдер мен қоғамдық көлікті дамыту;
- Көліктің қоршаған ортаны азырақ ластайтын технологияларды жетілдіру.
Кешенді тәсіл - ұзақ жол, бірақ ол қажет", - дейді Елена Ерзакович. Оның айтуынша, бүгінде Алматыдағы автокөліктердің шамамен 15%-ы экологиялық талапқа сай келмейді, сондай-ақ, шығарындылардың едәуір бөлігі жылу электр орталықтары (ЖЭО) мен қатты отын пайдаланатын нысандардан бөлінеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 18:38 42006
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда
Достарға айту
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, мереке кезеңінде адамдар көп шоғырланатын орындарда, қала көшелері мен тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған.
Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқаруда", - деді Серік Шумаев.
Мерекелік күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.
Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет - қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі", - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, құқық бұзушылықтың әрбір дерегі бойынша жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 14:29 43061
Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді. 31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін Астана алаңында қаладағы басты жаңа жылдық концерт өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын бір шаңырақ астына жинайды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сахнада отандық эстраданың жұлдыздары, көпшілікке сүйікті орындаушылар мен танымал топтар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Макпал Исабекова, Алишер Каримов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Даулет Жанболат, Жұбаныш Женсенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Muzart Life, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі және басқа да өнерпаздар бар.
Мерекенің шарықтау шегі дәстүр бойынша салтанатты жаңа жылдық отшашу болмақ. Айта кетсек, жаңа жылдық фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, әрі барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.
Жаңа жылды Алматының қақ ортасында - әуенге, жарқыраған шамдарға және ұмытылмас әсерлерге толы күйде қарсы алыңыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 14:50 59656
Дрон курьер ретінде: Алматыда пилотсыз жеткізу жобасы іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Freedom Lifestyle елдегі ұшқышсыз жеткізу қызметін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Тараптар дрон арқылы жеткізудің пилоттық жобасын іске қосуға келісті. Құжат қалалық инфрақұрылым мен цифрлық шешімдерді дамытуға, сондай-ақ қауіпсіздік пен қала тұрғындарының жайлылығына басымдық бере отырып, тауар жеткізудің жаңа форматын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық аясында Freedom Lifestyle жобаларды қаржыландыруға және ұйымдастыруға қатыса алады, сондай-ақ ұшқышсыз жеткізу қызметін өздерінің цифрлық өнімдеріне енгізеді. Компания 2025 жылдың басынан бастап ұшқышсыз ұшу аппаратының операторлары командасын қалыптастырып, Freedom X R&D-зертханасында дронмен жеткізу технологияларын тестілеуден өткізіп келеді.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің рөлі - реттеуші ретінде қатысу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаңа технологияларды қалалық ортаға енгізуді үйлестіру. Министрлік жобаны пилоттық кезеңде сүйемелдеп, түсінікті ережелерді қалыптастырады.
Меморандумға қол қою мемлекеттің ұшқышсыз технологиялар мен заманауи логистикалық сервистерді дамытудағы жүйелі тәсілін көрсетеді. Пилоттық жобалар технологияларды нақты жағдайда сынауға, қажетті нормативтік шешімдерді пысықтауға және осындай қызмет түрін әрі қарай кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымыз үшін қуаныштымыз және бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл серіктестік ұшқышсыз технологияларды азаматтардың күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік береді, жеткізу процесін жылдам әрі тиімді етеді", - деді Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Ли.
Алматыдағы пилоттық жоба аясында дрондар азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін пайдаланылады. Бір ұшқышсыз аппарат екі нүктеден 3 шақырымға дейінгі радиуста, салмағы 10 килограмға дейінгі жүкті тасымалдай алады. Ұшулар күндізгі уақытта және қолайлы ауа райы жағдайында ғана орындалады.
Пилоттық жобаны 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында іске асыру жоспарланған және кезең-кезеңімен дамытылады. Ұшу қауіпсіздігі, байланыс арналарының тұрақтылығы расталған сайын және қала тұрғындарының кері байланысын ескере отырып, дрондар санын біртіндеп арттыру көзделіп отыр. Бұл сервисті қалалық жағдайда сынап, оны әрі қарай, ауылдық жерлерге жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде жобаны іске қосуға қажетті инфрақұрылым толық дайын, ал ұшу қауіпсіздігі мен азаматтарды қорғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Штаттан тыс жағдайларда дрондарды автоматты түрде қайтару немесе қауіпсіз қондыру шаралары қарастырылған. Әрбір дрон парашюті бар қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған және интернет байланысы үзілген жағдайда да автономды режимде ұшуды жалғастыра алады.
Халық үшін тәуекелдерді барынша азайту мақсатында жеткізу маршруттары негізінен жасыл аймақтар: саябақтардың үсті және көше бойларымен құрылады. Оператор жұмысы авиациялық реттеушілермен келісілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Болашақта жоба тек қалаларда ғана емес, шалғайдағы елді мекендерде де жеткізу мүмкіндігін қарастыра отырып, логистикалық сервистердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 16:43 69906
Ыстанбұлда қазақ музыкасының кеші өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Түркия астанасында қазақтың дәстүрлі және заманауи музыкалық өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған "QAZAQ CONCERT" атты концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының қолдауымен, сондай-ақ "QAZAQ CONCERT" шығармашылық ұжымы қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Концерттің басты мақсаты - Қазақстанның бай музыкалық мұрасын Түркия жұртшылығына таныстыру, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету және қазақ ұлттық өнерін халықаралық деңгейде дәріптеу. Шара аясында дәстүрлі халық әндері, күй өнері және этно-заманауи музыкалық шығармалар көрермен назарына ұсынылды.
Кеш барысында Қазақстанның белгілі өнер шеберлері - Нұрболат Арзамасұлы, Перизат Тұрар, Жанту Дадабаев және Ақерке Тәжібаева өнер көрсетті. Әрбір орындаушы өз репертуарында ұлттық болмысты, тарихи сабақтастық пен заманауи музыкалық өрнекті үйлестіре отырып, көрермендерге ерекше мәдени әсер сыйлады.
Аталған іс-шара - бұл тек концерттік бағдарлама ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық болмысын және мәдени әртүрлілігін халықаралық аудиторияға танытатын маңызды мәдени алаң болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 23:23 60466
"Сақ стилі" жаңа сериясынан номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару туралы
Сурет: nationalbank.kz
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Бұл "Сақ стилі" сериясымен шыққан бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын қамтып, дәстүрлі қазақы ою-өрнектің түп тамыры саналатын "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.
Жаппай қолданысқа жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанында шыға бастайды. Себебі ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.
Ақша белгісінің дизайны мен пішіні туралы
Банкноттардың түсі - көк.
Бет жағында:
- көкте қалықтаған құспен "Бәйтеректің" бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;
- артефакт - Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).
Банкноттың артқы жағында:
- ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
- негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
- "Қалқан" - құндылықтар қорғанын білдіреді,
- ежелгі символ - дүниенің төрт құбыласы,
- ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген. - банкноттың ортасында қазақи "шексіздік" ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде "Мұзтау" тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.
Банкноттарды айырбастау және айналыста қатар жүру кезеңін белгілеу тәртібі туралы
Номиналы 500 теңгелік жаңа банкноттар 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналысқа енгізіледі және айналыста жүрген 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік ұлттық валюта банкноттарымен (бұдан әрі - ескі үлгідегі банкнот) екі жыл бойы ауыстырылады.
Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнот екі жыл ішінде айналыстан біртіндеп алынады. Тиісінше, осы кезеңде халықтың екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - ЕДБ) немесе ҚҰБ филиалдарына барып, ескі үлгідегі банкноттарды жаңа банкноттарға айырбастауы қажет емес.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл кезең аяқталған соң, яғни 2027 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал ҚҰБ филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.
Жаңа үлгідегі (2025 жылғы) және ескі үлгідегі (2017 жылғы) банкноттар айналыста қатар жүретін кезеңде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру үшін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды құнына қарай қабылдаунуы міндетті екенін атап өтеміз.
Жаңа банкноттар еліміздегі ҚҰБ-ның барлық филиалында, Қазпоштада, екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.
Заңды төлем құралына жататын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын еске саламыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 17:28 86841
Иранда Қазақстанның мәдени кеші өтті
Достарға айту
Иранның "Ниаваран" тарихи-мәдени кешенінде Қазақстан мәдени кеші өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған іс-шараға Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейдреза Салехи Амири, ИИР Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Тегеранда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдар басшылары, мәдениет және зиялы қауым, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Оңталап Оңалбаев екі елдің Батыс пен Шығысты жалғаған маңызды өркениеттік көпір ретіндегі рөліне тоқталып, Ұлы Жібек жолы дәуірінде Ұлы қазақ даласы мен Иранның ежелгі өркениеті арасында сауда, ғылым және әдебиет салаларында тұрақты қарым-қатынас орнағанын атап көрсетті.
Елші қазіргі кезеңде Қазақстанның экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, халықаралық аренада беделі жоғары мемлекет екенін атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елде саяси, экономикалық және мәдени реформалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі - Иран Ислам Республикасымен тату көршілік және достық қарым-қатынастарды дамыту екені аталып өтіп, Иран Қазақстанның Таяу және Орта Шығыс өңіріндегі, сондай-ақ ислам әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екені көрсетілді.
Елші биыл 10-11 желтоқсан аралығында Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстан Республикасына жасаған алғашқы ресми сапарының жоғары деңгейде өткенін және сапар қорытындысы бойынша бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылғанын хабарлады.
Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейдреза Салехи Амири екі ел арасындағы мәдениет және мәдени мұра салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Тегеран қаласында Қазақстанның мәдени кешін өткізу тарихи байланыстарды жаңа мазмұнда жандандыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Министр ортақ өркениет пен мәдени мұра халықтарды жақындастыра түсетінін атап өтіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы құндылықтарды сақтау мен мәдениет пен өнер әлеуетін халықтар арасындағы өзара түсіністік пен байланысты нығайту мақсатында тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Ол екі елдің шығармашылық ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолдау білдіріп, аталған іс-шара мәдениет, мәдени мұра және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге серпін беретініне сенім білдірді.
Мәдени кеште Маңғыстау облысының "Серпер" домбырашылар ансамблінің өнер көрсетіп, қазақтың халық күйлерін жоғары кәсіби деңгейде орындаған ансамбль көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара аясында қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, Қазақстанның салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті мен табиғатына арналған көрме ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.01.2026, 11:11Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді 06.01.2026, 12:21 9916Ет экспорты және мал шаруашылығын дамыту: Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты шаралар қабылдауы үшін бір апта уақыт берді06.01.2026, 10:16 9786Олжас Бектенов: Президент біздің алдымызға ұзақ мерзімді нәтижеге баса мән бере отырып, даму қарқынын арттыру міндетін қойды06.01.2026, 13:24 8416Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялаудағы алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды пысықтауға бір апта уақыт берді06.01.2026, 13:54 6251Каспий теңізінің түбіндегі оптикалық кабельдің құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады
30.12.2025, 10:14 134536Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті31.12.2025, 17:05 128631Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр31.12.2025, 12:02 128021Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады31.12.2025, 09:19 125341Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады30.12.2025, 20:26 124046Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
17.12.2025, 17:47 232086Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227601Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225886Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222891Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213881Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

