23.02.2022, 17:36 34086

Олимпиада ойындарына қатысуға 248 млн теңге жұмсалды

Олимпиада ойындарына қатысуға 248 млн теңге жұмсалды
Сурет: gazeta.ru
НҰР-СҰЛТАН. 23 АҚПАН - Олимпиада ойындарына тікелей қатысуға 248 миллион теңге жұмсалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарына тікелей қатысуға жұмсалған шығындар - 248 млн теңге, оның 107 млн теңгесі AirAstana компаниясына чартер ұсынғаны үшін төленді", - деп ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков айтты.


Ұлттық құрама командаларды Олимпиада ойындарына дайындау үшін 789 млн теңге жұмсалды. Дайындық оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға 234 спортшы мен жаттықтырушы қатысты. Орта есеппен шығындар бір қатысушыға 15 млн теңгені құрады. 

Спорт түрлері бойынша жыл ішінде нақты спорт түріне қанша қаражат жұмсалады? Бұл жағдайда биатлон – 384 млн теңге, тау шаңғысы спорты - 100 млн теңге, конькимен жүгіру спорты - 400 млн теңге, шаңғы жарысы – 363 млн теңге, керлинг - 200 млн теңге, шаңғымен трамплиннен секіру – 198 млн теңге, сноуборд – 14 млн теңге, мәнерлеп сырғанау – 143 млн теңге, фристайл-могул - 562 млн теңге, фристайл-акробатика – 319 млн теңге, хоккей шайбамен (ерлер мен әйелдер) – 259 млн теңге, шорт-трек - 392 млн теңге. Жалпы, қысқы спорт түрлеріне жұмсалып, қарастырылған бюджеттік қаржыландыру - 3,5 млрд теңге. ҰОК осы олимпиадалық циклге тартқан демеушілік қаражаты басқа да көздерден өзге шамамен 2 млрд теңгені құрады", - деп айтты Андрей Крюков.


Еске салып кетейік, Қазақстанның атынан Бейжіңде өткен қысқы ойындарға 34 спортшы қатысты. Ең үздік спорттық нәтижелерді шорт-трек командасы көрсетті. Бұл ойындарда 500 метр қашықтықта 4-орын алған Абзал Әжғалиев үздік болды. Сонымен қатар, шорт-тректен құрама аралас эстафетада 5 орын алды. Финалға қазақстандық шорт-трекші, жас Әділ Ғалиахметов шықты, ол шеберлігі жағынан көптеген тәжірибелі қарсыластарынан басым түсті. Юлия Галышева могул жарыстарында он бірінші болды. 11-орын алған акробат Ақмаржан Қалмырзаева финалға шықты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны