26.07.2021, 18:59 8131

Қазақстандық жүзуші Виталий Худяков Олимпиадаға жолдама алды

Ол 28 шілдеде Токиоға барады.
НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Қазақстандық жүзуші, ашық суда жүзуден 2019 жылғы Азия чемпионы, Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы Виталий Худяков Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ол 28 шілдеде Токиоға олимпиадалық команданың екінші бөлігімен бірге барады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде.
 

Азия чемпионы атағы Олимпиада ойындарына кіруді білдіреді деген болжам жасалды. Алайда Виталий Худяков Олимпиада ашылғанға дейін лицензиясының расталуын күтті. Нәтижесінде спортшыға қосымша квота бөлінді", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны