16.02.2026, 18:26 19066

Олимпиада-2026: Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды

Олимпиада-2026: Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды
Сурет: gov.kz
Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының шорт-тректен бәсеке жалғасып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ерлер арасында 500 метрге додада Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ел намысын қорғады.

Екінші топта жарыс жолына шыққан Абзал соңғы айналымда қарсыластарының қателігін ұтымды пайдаланып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші 40.934 секунд.

Үшінші топта өнер көрсеткен Денис Никиша 40.818 секунд нәтижемен мәреге үшінші болып жетті. Алайда, Никиша уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша 19 күні өтетін ширек финалда өнер көрсететін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны