26.04.2023, 18:46 66016

Астанада жылу қашан өшірілетіні белгілі болды

Жылу кезең-кезеңімен өшіріледі
Астанада жылу қашан өшірілетіні белгілі болды
Сурет: Depositphotos
Астана. 26 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Ауа райының қолайлығына байланысты 27 сәуірден бастап Астанада жылуды кезең-кезеңімен өшіру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда жылуды кезең-кезеңімен өшіру 20 сәуірден басталды.

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда жақын арада газ бағасы, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері өсетінін айтқан болатын. Ол "бірқалыпты өсу болатынын" баса айтты. Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, тозығы жеткен жерде көбірек ақша керек, тариф те жоғары болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жылу желілері мен сумен жабдықтау желілері айтарлықтай тозған. Ағымдағы жылыту маусымы Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қиын өтті. Ағымдағы жылыту маусымында Екібастұз, Рудный және Риддер қалаларында болған бірқатар апаттар суық мезгілде қала тұрғындарын жылусыз қалдырды. 16 сәуірде Степногорск пен Екібастұз тұрғындары қайтадан жылусыз қалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны