21.07.2025, 10:22 16001

Ақмола облысында орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын бұзу фактілерін анықтады.

Заң бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік орман иеленушілердің мекенжайына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Қарау нәтижелері бойынша жосықсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарттар бұзылып, ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 млрд теңге болатын 4 жер учаскесі қайтарылды.

Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен орман қорын ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны