18.07.2025, 10:15 82211

Ақтауда 197 млн теңге жалақы қарызы қызметкерлерге қайтарылды

Ақтауда 197 млн теңге жалақы қарызы қызметкерлерге қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ақтау қаласының прокуратурасымен "Mangystau Oil Refining" ЖШС-де жалақы төлеу заңдылығы бойынша талдау жүргізілді.

2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәсіпорында 241 жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды, жалпы берешек сомасы 197 млн теңгені құрады.

Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде жұмысшылар алдындағы берешек толық өндіріліп, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Өз кезегінде, жалақыны уақтылы төлемеген заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 .
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны