04.02.2022, 18:56 42511

АХҚО аумағында беделді британдық университеттің филиалы ашылады

АХҚО аумағында беделді британдық университеттің филиалы ашылады
Сурет: aifc.kz
НҰР-СҰЛТАН. 4 АҚПАН - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов білім беру саласындағы шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. Британдық және ресейлік шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының екі филиалын ашу мүмкіндігі қарастырылды, олардың бірі АХҚО алаңында ашылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Филиалдарда оқыту кадрлар даярлаудың басым бағыттары бойынша, сондай-ақ ел экономикасының қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылатын болады", - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов қазақстандық тараптың беделді шетелдік университеттердің филиалдарын ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Вице-премьер Білім және ғылым министрлігіне шетелдік университеттердің ұсыныстарын егжей-тегжейлі зерделей отырып, әлеуетті инвесторлармен келіссөздерді жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берді. 
 
Сондай-ақ Австрия мен Түркия Республикасының инвестициялық компанияларының өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізілді. Келіссөздер барысында көпбейінді аурухана ашу, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау саласында инновациялық шешімдерді қолдану мүмкіндіктері қаралды. 
 
Компаниялардың ұсыныстарын Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарайтын болады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны