30.07.2025, 17:13 14986

Алматыда жылумен жабдықтау қызметі бойынша өсімпұлды алып тастау акциясы басталады

Алматыда "Алматы жылу жүйесі" ЖШС "Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз!" атты акцияны бастайды. Бастама жылу және ыстық су үшін берешегін өтеуге ниетті тұтынушыларға айыппұлсыз төлеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Акция 2025 жылы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін жалғасады және мынадай мүмкіндіктер береді: өсімпұлдан үнемдеу, мүлікке қойылған шектеулер мен тыйымдарды алып тастау, қарызы үшін санкция салынған борышкерлердің банк шоттарын бұғаттан шығару.

Акцияға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы мәліметті борышкер АлЖЖ анықтама қызметінен мына телефон арқылы біле алады: 341-07-77; WhatsApp: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарлама қабылдайды); электронды пошта: info@alts.kz немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚКО) біріне барып ала алады.

ТҚКО мекенжайлары мен байланыс деректері:

- "Батыс" ТҚКО (Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) - "Ақсай-4" шағынауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;

- "Орталық" ТҚКО (Алмалы, Бостандық аудандары) - Ш.Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;

- "Шығыс" ТҚКО (Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) - Төлебаев көшесі, 26, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.

Қарыз төленбеген жағдайда борышкерлер жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, қарыз сомасы сот арқылы өндіріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны