11.01.2023, 12:09 24566

Қанат Тұмыш сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Қанат Тұмыш сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды

Астана. 11 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Қанат Қобыландыұлы 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбе қаласында туған.
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалаврі (1993-1997); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі (1997-1999) дәрежесімен бітірген.
 
Еңбек жолы:
 
ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе (1997-1998);
 
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы (1998-1999);
 
ҚР Түркиядағы Консулдығында вице-консул (1999-2001);
 
ҚР Түркиядағы Консулдығында Елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы (2001 - 2003);
 
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы (2003);
 
ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі (2003-2005);
 
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы (2005-2006);
 
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы (2006-2007);
 
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы (2007-2009);
 
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2009-2010);
 
 "Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі" халықаралық ұйымы Атқарушы директорының орынбасары (2010-2014);
 
ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2014-2015);
 
ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-уәкіл (2015-2016);
 
ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілінің орынбасары (2016-2019).
 
2019 жылғы шілдеден бері Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
 
Бүгін ол осы лауазымынан босатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны