09.05.2022, 18:12 21131

Қазақстан мен Мальдивтер визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Құжат екі елдің азаматтарына Қазақстан мен Мальдивтер аумақтарына 30 күннен аспайтын мерзімге келуге және онда болуға мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Мальдивтер визасыз режим туралы келісімге қол қойды
Сурет: ҚР СІМ
МАЛЕ. 9 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мальдив Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжат екі елдің азаматтарына Қазақстан мен Мальдивтер аумақтарына 30 күннен аспайтын мерзімге келуге және онда болуға мүмкіндік береді. 
 

Бұл ретте, жұмысқа орналасу, білім алу немесе іскерлік мақсатта кіруге ниет білдірген адамдар тиісті визаны ресімдеу қажет", - деп хабарлайды ҚР СІМ.

 
2021 жылғы қазан айында Қазақстан мен Мальдивтер өз азаматтарына екі елдің шекараларын өту кезінде COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамаларын беру міндеттемесінен босататын вакцинация паспорттарын өзара мойындағаны мәлім.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны