24.02.2022, 17:19 13561

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары бекітілді

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары бекітілді.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. 24 АҚПАН - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кадастрда республикалық кадастр кітабы мен кадастр істері бар.

Республикалық кадастрлық кітапта оларды қорғау режимінің түрін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдардың ЕҚТА құру туралы шешімін көрсете отырып, әрбір облыс бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық ЕҚТА көрсетіледі.

Республикалық кадастрлық кітапқа енгізілетін әрбір ЕҚТА-ға кадастрлық нөмір беріледі. Тиісті ЕҚТА-ға ресімделетін кадастрлық іс осы нөмірмен сәйкестендіріледі.

Мемлекеттік кадастр ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалана отырып, қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізіледі.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны