07.10.2025, 12:17 68571

Қазақстанда онлайн-казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды

Қазақстанда онлайн-казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
Сурет: Depositphotos
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында цифрлық кеңістіктегі жаңа сын-қатерлер туралы айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, жазылушылар аудиториясы кең отандық блогерлер оңай ақша іздеп, онлайн-құмар ойындарды белсенді түрде жарнамалап, оған азаматтарды тартуда.

Осындай 37 адам анықталып, 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі бұл қадамға білместікпен емес, жиі-жиі заң бұзуға мақсатты түрде барады. Құмар ойындарды жарнамалауға қатысты тікелей жауапкершіліктің болмауы жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты біз қаржы пирамидасына ұқсас онлайн-казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз", - деп атап өтті Қайрат Бижанов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны