21.09.2022, 16:30 18101

Қазақстанда сән-салтанат салығын 2024 жылдан бастап енгізу жоспарлануда

Қазақстанда сән-салтанат салығын 2024 жылдан бастап енгізу жоспарлануда
АСТАНА. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің аясында қазақстандық заңнамаға сән-салтанат салығы туралы норманы енгізу мерзімдерін жариялады.
 
Министрдің айтуынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін Салық кодексінде сән-салтанат салығы көрініс табады.
 
Ерұлан Жамаубаев сән-салтанат салығын енгізу бойынша тиісті тапсырманы Президент бергенін еске салды.
 

Біз оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске енгізуіміз керек. 2023 жылы заң қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді деп үміттенеміз", деп Қаржы министрі.


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылға арналған жаңа Салық кодексін жариялай отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанат салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады", - деп түсіндірді Тоқаев.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны